https://sputnik.kz/20220620/urlangan-2-mynnan-astam-qaru-tabylmady-iim-25648844.html
Ұрланған 2 мыңнан астам қару табылмады – ІІМ
Ұрланған 2 мыңнан астам қару табылмады – ІІМ
Sputnik Қазақстан
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 30 гранатомет, 2 пулемет, 122 автомат және 379 тапанша әлі табылмаған 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T15:24+0500
2022-06-20T15:24+0500
2022-06-20T15:24+0500
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142846_0:87:3333:1962_1920x0_80_0_0_6fe7b54b14a576dffc8656167df956b9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру шаралары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, ұрланған қаруды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Күні кеше Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Оның бақшасынан "Макаров" тапаншасы, "МР-654К" тапаншасы, "РГД-5" гранатасы және оқ-дәрі табылған.Оның айтуынша, қылмыскерлердің қолында әлі де үлкен арсенал бар. Ұрланған 2 мыңнан астам қару табылмаған. Атап айтқанда, 30 гранатомет, 2 пулемет, 122 автомат пен 379 тапанша."Бұл дегеніміз – үлкен қауіп, өйткені қылмыскерлер кез келген уақытта оны бейбіт азаматтарға қарсы қолдана алады", - деп түйіндеді Әділов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142846_301:0:3032:2048_1920x0_80_0_0_78176052d25e6f9c193dc2e22059500c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы
Ұрланған 2 мыңнан астам қару табылмады – ІІМ
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 30 гранатомет, 2 пулемет, 122 автомат және 379 тапанша әлі табылмаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру шаралары бойынша есеп берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, ұрланған қаруды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Күні кеше Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Оның бақшасынан "Макаров" тапаншасы, "МР-654К" тапаншасы, "РГД-5" гранатасы және оқ-дәрі табылған.
"Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде 1625 дана қару табылып, тәркіленіп алынды. Соның ішінде 10 гранатомет, 6 пулемет, 160 автомат, 113 бірлік иір ойықты мылтық, 361 тапанша мен 253 граната, 41,1 мыңнан астам оқ-дәрі бар", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қылмыскерлердің қолында әлі де үлкен арсенал бар. Ұрланған 2 мыңнан астам қару табылмаған. Атап айтқанда, 30 гранатомет, 2 пулемет, 122 автомат пен 379 тапанша.
"Бұл дегеніміз – үлкен қауіп, өйткені қылмыскерлер кез келген уақытта оны бейбіт азаматтарға қарсы қолдана алады", - деп түйіндеді Әділов.