Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ форматындағы диалогқа қатысады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Сондай-ақ 21 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездесу өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. 24 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі "БРИКС+" диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ 21 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездесу өткізеді.
Ал 23 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
БРИКС – Бразилия, Ресей федерациясы, Үндістан республикасы, Қытай халық республикасы және Оңтүстік Африка республикасының мемлекетаралық бірлестігі.
"БРИКС+" форматы құрамы қабылдаушы тараптың қалауына қарай өзгеруі мүмкін басқа елдердің қатысуын көздейді.
Жаңалықтар
0