Желі қолданушыларын таңғалдырған қырғызстандық вагондар қандай - видео

© Sputnik / Юрий Лашов / Медиабанкке өтуЖелезная дорога
Железная дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Жаңа вагон билеттерінің құны қолжетімді болатыны айтылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. "Қырғыз темір жолы" ұлттық компаниясы ескі вагонды толығымен жаңартып шықты, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Ол вагонды есептен шығарып тастаған, бірақ утилизацияға жібермеген. Мамандар оны толығымен қарап шыққан. Конструкциясын өзгертпей, шанағын ғана күшейткен.
"Вагонда ішкі интерьерді өзгертуге басымдық берілді. Негізгі мақсат – жолаушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мәселен, вагонның терезелері үлкейтіліп, панорамалық терезелер орнатылды. Соның арқасында жолаушылар көп нәрсені көре алады", - дейді компания мамандары.
Бұдан бөлек, жаңа орындықтар қойылған. Екі жақта үстел бар. Кондиционер орнатылған. Сондай-ақ, вагонда қол жуатын жер, тоңазытқыш, су ішетін кулер мен теледидар бар. Вагон сынақтан өтіп, барлық қажетті құжат рәсімделген. Компания вагонды өз ақшасына жаңартып шыққан.
Ресми мәліметке сәйкес, жаңа вагон билеттерінің құны қолжетімді. Алайда қай кезде адам тасымалдай бастайтыны белгісіз.
Жаңалықтар
0