Ұлттық банк лездік төлемдер жүйесін енгізуді жоспарлап отыр

© Pixabay / Bryan Santos Ұялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Жүйе барлық банк клиенттері үшін қолжетімді
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі 24/7 режимінде әр түрлі банк клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін лездік төлемдер жүйесінің (ЛТЖ) жаңғыртылған платформасын енгізді.
Жүйе барлық банк клиенттері үшін қолжетімді. Жүйенің функционалдығы ұялы телефон нөмірі арқылы аударымдарды және әртүрлі банктің клиенттері арасында QR-код арқылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сервисті іске қосу 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1.
жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар (P2P-аударымдар);
2.
QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер (ұлттық QR-код стандартына сәйкес) және сауда ұйымдарының пайдасына жаңа төлем сценарийлерін, оның ішінде сұраныс бойынша төлемдерді жүзеге асыру.
Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін ақша жөнелтушіге өз банкінің – ЛТЖ қатысушысының ұялы қосымшасында алушының ұялы телефон нөмірін енгізіп, аударым сомасын және алушының банкін көрсету жеткілікті болады. Аударылған ақша алушыға оның ЛТЖ қатысушы банктегі шотына лезде түседі.
Ал банктер өз клиенттері үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифін дербес белгілейді. Ведомство мәліметінше, сервистердің қолжетімділігі туралы ақпаратты клиентке қызмет көрсетуші банктің өзі хабарлайды. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі 9 банк ЛТЖ-ға қатысу туралы келісім жасады. Оның 4-і өз клиенттеріне ЛТЖ қосса, қалған 5 банк қосылу процесінде. Жаңа қызмет осы банктердің мобильді қосымшаларындағы ішкі процестердің жетілдірілуіне қарай пайда болады.
Қазақстандық басқа да банктерге ЛТЖ қосу келісілген кестеге сай жоспарлы түрде іске асырылады.
Жүйені "Казпошта" АҚ клиенттері де қолдана алады.
Жеке тұлғалар "Қазпошта" арқылы ЛЖТ көмегімен комиссия үшін 1 теңге төлеп, 500 мың теңгеге дейін аударым жасай алады.
Мұндай аударымдар Қазпоштаның Рost.kz ұялы қосымшасы арқылы телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Аударымдар клиенттердің банктік шотына нақты уақыт режимінде, яғни лезде аударылады.
Жеке тұлға "Қазпоштадағы" қолданыстағы банк шотын таңдап, оған ЛЖТ белгісін қоюы қажет. Мұны Рost.kz мобильді қосымшадағы жеке кабинетте онлайн режимінде жасауға болады. Ақша аударымын 4 қадаммен жүзеге асыруға болады:
1.
"ЛТЖ арқылы телефон нөмірі бойынша аударымдар" бөліміне өту;
2.
Ақша қаражатын аудару жоспарланған банк шотын таңдау;
3.
Алушының телефон нөмірін енгізу немесе телефон кітапшасынан таңдау;
4.
Алушы банкті таңдап, аударым сомасын көрсетеді.
Аударымдар жүйесі ұлттық банк іске қосқан лездік төлемдер жүйесінің жобасы шеңберінде қолжетімді. Жаңартулар Post.kz телефон нөмірі бойынша аударымдарды Android және iOS смартфон иелері қолдана алады.
Жаңалықтар
0