https://sputnik.kz/20220620/qazaqstan-iran-astyq-25640392.html
Қазақстан Иранға бір миллион тонна астық жібереді
Қазақстан Иранға бір миллион тонна астық жібереді
Sputnik Қазақстан
Ирандықтар Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамытуға көмектеседі 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T12:18+0500
2022-06-20T12:18+0500
2022-06-20T12:18+0500
экономика
қазақстан
иран
астық
тонна
https://sputnik.kz/img/648/32/6483223_0:15:1503:860_1920x0_80_0_0_4b3b3d70ed070a85ff1cacd6acc1052c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына жасаған сапары барысында осы елге бір миллион тонна көлемінде астық жеткізу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Астық 2022-2023 жылдары жиналған егіннен жеткізіледі. Ал Ираннан түрлі құрғақ және жаңа піскен жемістер, субтропикалық жемістер көптеп жіберіледі. Соның ішінде картоп, пияз, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, айва, құрма, інжір мен ананас бар. Бұдан бөлек, тараптар органикалық өнімдер өндіру, бау-бақша шаруашылығын суарудың заманауи әдістері мен технологиялары, тамақтану, алма және жүзім дақылдарын басқаруды реформалау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Ирандықтар Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамытуға көмектеседі. Айта кетері, биыл қаңтар-наурыз айларында екі елдің тауар айналымы 167,5 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% артық.
қазақстан
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/32/6483223_121:0:1454:1000_1920x0_80_0_0_ad6cee5eb11832c9d636b96456cd8b8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, иран, астық, тонна
қазақстан, иран, астық, тонна
Қазақстан Иранға бір миллион тонна астық жібереді
Ирандықтар Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамытуға көмектеседі
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына жасаған сапары барысында осы елге бір миллион тонна көлемінде астық жеткізу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы
министрлігіне сілтеме жасап.
Астық 2022-2023 жылдары жиналған егіннен жеткізіледі. Ал Ираннан түрлі құрғақ және жаңа піскен жемістер, субтропикалық жемістер көптеп жіберіледі. Соның ішінде картоп, пияз, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, айва, құрма, інжір мен ананас бар.
Бұдан бөлек, тараптар органикалық өнімдер өндіру, бау-бақша шаруашылығын суарудың заманауи әдістері мен технологиялары, тамақтану, алма және жүзім дақылдарын басқаруды реформалау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Ирандықтар Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамытуға көмектеседі.
"Сонымен бірге, Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Қазақстан Иранға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (зығыр тұқымы), өсімдік майлары (күнбағыс майы), кондитерлік өнімдер, ет (қой еті, сиыр еті) және ет өнімдерін жеткізуге ниетті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, биыл қаңтар-наурыз айларында екі елдің тауар айналымы 167,5 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% артық.