Осы аптада президент қатысатын іс-шаралардың кестесі жарияланды

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Тоқаев Катар экономикалық форумына барады және қазақстандық шахматшылармен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі осы аптада президент қатысатын іс-шаралардың кестесін жариялады.
Ертең, 21 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада өтетін "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады.
21 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.
23 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
24 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі "БРИКС+" диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.
Жаңалықтар
0