Нұр-Сұлтандағы көк түтіннің себебі белгілі болды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Өрттен зардап шеккендер жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Елордада құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр. Өрт сөндірушілер өртті әлі сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін түскі үш шамасында 101 пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тас жолы бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен.
"Өрт сөндірушілер келген бойда құрғақ шөп, қамыс жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша жалын 1 га аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.
ТЖМ ақпаратынша, сағат 17.31-де өрт жартылай ауыздықталды.
"Елорданың жасыл белдеуі мен құрылыстарға оттың таралу қаупі жоқ", - деп сендірді құтқарушылар.
Жаңалықтар
0