https://sputnik.kz/20220620/ministr-qogamdyq-televiziya-aqsha-25642846.html
Министр қоғамдық телевизия құру жайлы: халық оған ақша төлеуге дайын ба?
Министр қоғамдық телевизия құру жайлы: халық оған ақша төлеуге дайын ба?
Sputnik Қазақстан
Елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T13:04+0500
2022-06-20T13:04+0500
2023-08-09T17:11+0500
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
https://sputnik.kz/img/422/75/4227529_0:441:6017:3825_1920x0_80_0_0_f02f780983da9c4aaf3fbf9b2ede54f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстанда қоғамдық телевизия құру жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Ол елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесін әлі талқылау керек дейді. "Ең басты мәселе – оны кім қаржыландырады деген сұрақ. Әдетте, қоғамдық телеарнаға қоғам ақша төлейді ғой. Ал дәл қазір біздің қоғам телевиденияға ақша төлеуге дайын ба? Әзірге мен мұның жауабын айта алмаймын", - деді ақпарат министрі. Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын қоғамдық телекорпорацияға айналдыруды ұсынған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/422/75/4227529_319:0:5674:4016_1920x0_80_0_0_c08b9afe285b82b419594b229b4e4c82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
қр ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Министр қоғамдық телевизия құру жайлы: халық оған ақша төлеуге дайын ба?
13:04 20.06.2022 (жаңартылды: 17:11 09.08.2023) Елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстанда қоғамдық телевизия құру жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді.
"Қоғамдық телевизия деген не? Оның жұмысы үшін халық белгілі бір абоненттік төлем төлеуге тиіс немесе жеке бір салық енгізу қажет. Ал халық мұны жасауға дайын ба? 2003 жылы Польшаға барғанымда, оларда дәл осындай проблема қозғалған. Халық қоғамдық телеарнаға өз қалтасынан ақша төлегісі келген жоқ. Сол кезде олар жиналған салықтың бір бөлігін қоғамдық телеарналарға жұмсау туралы шешім қабылдады. Бірақ бұл әдіс қаншалықты сәтті болғанын білмеймін", - деді Омаров парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Ол елімізде қоғамдық телевизия құру мәселесін әлі талқылау керек дейді.
"Ең басты мәселе – оны кім қаржыландырады деген сұрақ. Әдетте, қоғамдық телеарнаға қоғам ақша төлейді ғой. Ал дәл қазір біздің қоғам телевиденияға ақша төлеуге дайын ба? Әзірге мен мұның жауабын айта алмаймын", - деді ақпарат министрі.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын қоғамдық телекорпорацияға айналдыруды ұсынған болатын.