Қазақстан көмір тиелген ресейлік вагондардың қозғалысын шектеген жоқ – министрлік

© Photo : ктжКазахстан становится транспортно-логистическим хабом Евразийского континента
Казахстан становится транспортно-логистическим хабом Евразийского континента - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан және Ресей заңнамасында да жауапкершілік көзделгенін еске салады
АЛМАТЫ, 20 маусым – Sputnik. Желіде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастағаны туралы ақпарат тарауда.
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитеті бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген. Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ", – деп хабарлады министрліктің көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.
Ведомство ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.
Сондай-ақ министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан және Ресей заңнамасында да жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Жаңалықтар
0