Елімізде 18 мыңнан астам нашақор тіркелген - министрлік

© Photo : pixabay.comЖігіт
Жігіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Бұл ресми тіркеуде тұрғандардың саны, ал шын мәнінде науқастар бұдан бірнеше есеге артып жығылады
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың немен айналысып жүргенін қадағалап отыруға кеңес берді. Оларды заңсыз есірткі саудасына тартуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, соңғы он жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 процентке өскен. Бұл - БҰҰ-ның мәліметі. Әлемде, шамамен, 275 миллион нашақор бар. Одан жыл сайын 500 мыңнан астам адам қайтыс болып жатады.
Ал Қазақстанда нашақорлардың саны ресми тіркеуде тұрғандардан әлдеқайда көп.

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Соның ішінде бір жарым мың әйел, 94 жасөспірім бар. Бірақ бұл ресми тіркеуде тұрғандардың саны, ал шын ахуалға келетін болсақ, науқастардың саны бірнеше есеге артып жығылады", - деді Әмірханов.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде 3 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. Соның ішінде ескірткіні өткізу және аса ірі мөлшерде сақтау фактілері бар. Нұр-Сұлтанда және Атырау облысында үш қылмыстық топ ұсталған.
Екі тоннадан астам есірткі тәркіленген. Республика бойынша 16 зертхана жойылды. Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың немен айналысып жүргенін қадағалап отыруға кеңес берді. Оларды заңсыз есірткі саудасына тартуы мүмкін.
"Қазіргі кезде оқушылар мен студенттер жазғы демалысқа шықты. Осыған байланысты ата-аналарға балалардың бос уақытын қадағалап отыруға кеңес береміз. Әлеуметтік желідегі түрлі жарнама, хабарландыруды дұрыстап тексеріп, ондағы ұсынылатын жұмыстың сипатына басА мән беруге, сайт әкімшісі мен курьердің жұмысына қатысты ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - деп атап көрсетті Әмірханов.
Жаңалықтар
0