https://sputnik.kz/20220620/byudzhet-aqsha-tartip-teris-qylyq-25639714.html
Бюджет ақшасымен жасалатын қаржы қылмыстары тәртіптік теріс қылыққа теңестірілуі мүмкін
Бюджет ақшасымен жасалатын қаржы қылмыстары тәртіптік теріс қылыққа теңестірілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Есеп комитеті төрағасының айтуынша, 2021 жылы бюджеттен бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T11:22+0500
2022-06-20T11:22+0500
2022-06-20T11:22+0500
қоғам
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет ақшасымен жасалатын қаржы қылмыстарын тәртіптік теріс қылыққа жатқызуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Тәртіп теріс қылыққа мыналар жатады: Есеп комитеті төрағасының айтуынша, 2021 жылы бюджеттен бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Ол қазір бюджет кодексі мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзету енгізу бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты. "Дәлірек айтқанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларын бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және жұмсағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделіп отыр", - деді Годунова. Сонымен қатар, оның айтуынша, бюджет инвестициясын пайдаланудан болатын экономикалық тиімге қол жеткізілмегені үшін де жауапкершілік белгілеу қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет
Бюджет ақшасымен жасалатын қаржы қылмыстары тәртіптік теріс қылыққа теңестірілуі мүмкін
Есеп комитеті төрағасының айтуынша, 2021 жылы бюджеттен бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет ақшасымен жасалатын қаржы қылмыстарын тәртіптік теріс қылыққа жатқызуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің ойымызша, қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері жоқ, бюджет қаржысы мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде жасалатын қаржы қылмыстарын мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жатқызған дұрыс болар еді", - деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Тәртіп теріс қылыққа мыналар жатады:
орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін ақы төлеу;
өз мақсаты бойынша пайдаланбау;
тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшаның кем шығуы;
дебиторлық берешекті негізсіз есептен шығару.
Есеп комитеті төрағасының айтуынша, 2021 жылы бюджеттен бөлінген 413 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.
Ол қазір бюджет кодексі мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзету енгізу бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.
"Дәлірек айтқанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларын бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және жұмсағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделіп отыр", - деді Годунова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бюджет инвестициясын пайдаланудан болатын экономикалық тиімге қол жеткізілмегені үшін де жауапкершілік белгілеу қажет.