https://sputnik.kz/20220620/adamdar-konstitutsiyalyq-sot-25635782.html
2023 жылдан бастап адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады – Мәми
2023 жылдан бастап адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады – Мәми
Sputnik Қазақстан
Қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T09:43+0500
2022-06-20T09:43+0500
2022-06-20T09:43+0500
конституция күні
сот
https://sputnik.kz/img/640/64/6406490_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_5b504f87435af13b1bc360d780f9af54.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәми 5 маусымда өткен референдум еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға болғанын атап өтті. Айтуынша, Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашты. "Жеке адамның құқығын қорғау әрі қарай күшейтілді. Осы реформа аясында Конституциялық кеңес орнына Конституциялық сот құрылатын болды. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады", - деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңестің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жыл сайынғы жолдауын жария етіп. Сондай-ақ, реформа аясында президенттің тікелей ұсынысымен Конституциялық сотқа жүгіну субъектілеріне Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қосылды. "Жоғарыда аталған өзгерістер елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау жүйесін әрі қарай тереңдетуге жол ашты. Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның Конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды", - деді Конституциялық кеңес төрағасы. Айтуынша, қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/640/64/6406490_69:0:978:682_1920x0_80_0_0_b81a2814ea097b141b46e2848eb61c35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституция күні, сот
2023 жылдан бастап адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады – Мәми
Қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәми 5 маусымда өткен референдум еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға болғанын атап өтті. Айтуынша, Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашты.
"Жеке адамның құқығын қорғау әрі қарай күшейтілді. Осы реформа аясында Конституциялық кеңес орнына Конституциялық сот құрылатын болды. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады", - деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңестің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жыл сайынғы жолдауын жария етіп.
Сондай-ақ, реформа аясында президенттің тікелей ұсынысымен Конституциялық сотқа жүгіну субъектілеріне Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қосылды.
"Жоғарыда аталған өзгерістер елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау жүйесін әрі қарай тереңдетуге жол ашты. Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның Конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды", - деді Конституциялық кеңес төрағасы.
Айтуынша, қазір "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң әзірленіп жатыр.