https://sputnik.kz/20220620/abay-oblysy-zholaushylar-avtobusy-audarylyp-qaldy-25640203.html
Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Sputnik Қазақстан
Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T12:01+0500
2022-06-20T12:01+0500
2022-06-20T12:01+0500
алакөл
автобус
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Абай облысында автобус аударылды. Салонда 13 жолаушы болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әлеуметтік желіде аударылған автобустың видеосы тарады. Куәгерлер жол-апатының "Алакөл-Семей" жолында болғанын жазды. Ресми мәліметке сәйкес, 19 маусымда таңғы сағат 04:50-де Алакөлден шыққан Setra-S маркалы автобус Жарма ауданында аударылған. 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды. Автобус салонында 13 жолаушы және екінші жүргізуші болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексті 345-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айта кетері, осы бапта 2 000 айлық есептік көрсеткішке (6 360 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, автобус
Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Абай облысында автобус аударылды. Салонда 13 жолаушы болған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде аударылған автобустың видеосы тарады. Куәгерлер жол-апатының "Алакөл-Семей" жолында болғанын жазды.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 маусымда таңғы сағат 04:50-де Алакөлден шыққан Setra-S маркалы автобус Жарма ауданында аударылған. 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды. Автобус салонында 13 жолаушы және екінші жүргізуші болған.
"Барлық адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексті 345-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы бапта 2 000 айлық есептік көрсеткішке (6 360 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.