Әлем

Той кезінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт өз әрекетін түсіндірді

© Gazeta.uzЖених ударил невесту по голове во время свадьбы в Узбекистане
Жених ударил невесту по голове во время свадьбы в Узбекистане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Жазылу
Өзбекстанда үйлену тойында қалыңдығына қол көтерген күйеу жігіт жазаланбайды: жәбірленуші арызданбаған
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Той үстінде қалыңдығын ұрып, желі қолданушыларының ашуына тиген өзбекстандық жігіт өз әрекетін түсіндірді.
"Мен өзімді ұстай алмай қалдым, сөйтіп ұрып жібердім. Арамыздағы түсініспеушілік шешілді, той әрі қарай жалғасты. Қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді мұндай қайталанбайды", - деді күйеу жігіт.
Жас жұбайлар бір жыл бұрын атастырылған, ал үйлену тойы 6 маусымда өтті, деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы Mening Yurtim телеарнасына сілтеме жасап.
Келеңсіз жайттан кейін күйеу жігіттің үстінен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Бірақ жарының өтінішімен оны сол күйі жазалаған жоқ.
Қыздың анасы күйеу баласы басынан бір ұрғаннан кейін қызын сахнадан алып кеткенін айтты. Бірақ жігіттің туыстары кешірім сұраған соң, той жалғасқан.
Кейінірек әйел қызына қоңырау шалып, жағдайын сұраған. Айтуынша, жас жұбайлар тату-тәтті тұрып жатыр.
Өзбекстанда бұл жағдай үлкен резонанс тудырды. Гимнаст қыз тіпті күйеу жігіттерінен таяқ жейтін қалыңдықтарға не істеу керек екені туралы видео түсірген. Қорғаныш құралдарының арасында ас үйдегі таба да бар.
Жаңалықтар
0