Саясат

Тоқаев ресми сапармен Иранға барды

© Photo : ҚР президенті баспасөз қызметінің телеграм каналыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Иран президенті "Саадабад" кешенінде Қазақстан басшысын ресми қарсы алды. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.
Сонымен қатар Қазақстан президенті Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен және басқа да ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.
Жаңалықтар
0