https://sputnik.kz/20220619/qostanay-oblysyndagy-auylda-tauyqtar-qyrylyp-zhatyr-25625924.html
Қостанай облысындағы ауылда тауық қырылып жатыр
Қостанай облысындағы ауылда тауық қырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бірнеше күннің ішінде барлық тауық қырылып қалған. Мамандар үй құстары Ньюкасл ауруын жұқтыруы мүмкін деп топшылап отыр 19.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-19T10:49+0500
2022-06-19T10:49+0500
2022-06-19T17:57+0500
өңірлер
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/200/97/2009759_0:188:2973:1860_1920x0_80_0_0_ebbf03e1b19287934811e60d84045f09.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қостанай облысының Ленино ауылында бірнеше күн ішінде барлық дерлік тауық қырылып қалды. Ауыл Федоров ауданында орналасқан және Ресеймен шекараласады.Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алғаш рет белгісіз ауру екі ай бұрын пайда болған, енді тағы қайталанып отыр, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы."Мен мекиен тауықтар мен бройлерлерді ұстаймын. Құстарға өте мұқият қараймын. Осы аптада үйден шығып, қарасам: бір-екі емес, жиырма тауығым өліп жатыр. Көршілерімізде бір күннің ішінде барлық отыз тауығы қырылып қалды. Ертесіне таңертең менде де бәрі өлді. Мен 50 мекиен тауықтан айырылдым, ал қазір бройлерлер де өліп жатыр. Қазіргі таңда біздің ауыл мүлде тауықсыз қалды", – дейді ауыл тұрғыны Елена Едикова.Жергілікті ветеринар бірнеше өлген тауықты сараптама жасатуға әкеткен. Оның қорытындысы бір-екі аптадан кейін белгілі болады.Бұл жағдайға аудандағы ветстанцияның директоры Нұрлан Қыстаубаев түсініктеме берді."Иә, құстар осы жылдың басында ауыра бастады. Дәлірек айтқанда, тауықтар. Сәуір айында жүз шақты тауық қырылды. Анализге берген жоқпыз, өйткені адамдар бірден жойып жіберіп отырды", - деді ол.Дәл осындай жағдай биыл сәуірде Қарабалық ауданында да болған. Ол кезде ветеринарлар құстар уланған болуы мүмкін деп болжаған еді. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, тауықтарда байқалып отырған клиникалық белгілер Ньюкасл ауруына тән.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/200/97/2009759_120:0:2851:2048_1920x0_80_0_0_b50d520153ef74eb41e07b28645d3c0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
Қостанай облысындағы ауылда тауық қырылып жатыр
10:49 19.06.2022 (жаңартылды: 17:57 19.06.2022) Бірнеше күннің ішінде барлық тауық қырылып қалған. Мамандар үй құстары Ньюкасл ауруын жұқтыруы мүмкін деп топшылап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қостанай облысының Ленино ауылында бірнеше күн ішінде барлық дерлік тауық қырылып қалды. Ауыл Федоров ауданында орналасқан және Ресеймен шекараласады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алғаш рет белгісіз ауру екі ай бұрын пайда болған, енді тағы қайталанып отыр, деп хабарлайды
"Костанайские новости" басылымы.
"Мен мекиен тауықтар мен бройлерлерді ұстаймын. Құстарға өте мұқият қараймын. Осы аптада үйден шығып, қарасам: бір-екі емес, жиырма тауығым өліп жатыр. Көршілерімізде бір күннің ішінде барлық отыз тауығы қырылып қалды. Ертесіне таңертең менде де бәрі өлді. Мен 50 мекиен тауықтан айырылдым, ал қазір бройлерлер де өліп жатыр. Қазіргі таңда біздің ауыл мүлде тауықсыз қалды", – дейді ауыл тұрғыны Елена Едикова.
Жергілікті ветеринар бірнеше өлген тауықты сараптама жасатуға әкеткен. Оның қорытындысы бір-екі аптадан кейін белгілі болады.
Бұл жағдайға аудандағы ветстанцияның директоры Нұрлан Қыстаубаев түсініктеме берді.
"Иә, құстар осы жылдың басында ауыра бастады. Дәлірек айтқанда, тауықтар. Сәуір айында жүз шақты тауық қырылды. Анализге берген жоқпыз, өйткені адамдар бірден жойып жіберіп отырды", - деді ол.
Дәл осындай жағдай биыл сәуірде Қарабалық ауданында да болған. Ол кезде ветеринарлар құстар уланған болуы мүмкін деп болжаған еді. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, тауықтарда байқалып отырған клиникалық белгілер Ньюкасл ауруына тән.