Денсаулық

Министр Ажар Ғиният ДДСҰ марапатын алды

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте Казахстана Ажар Ғиният
Ажар Ғиният - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа марапат табыстады.
Марапаттау рәсімі "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммиті барысында өтті, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.
"Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа доктор Ханс Клюге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ДДСҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкері атынан марапат табыстау – мен үшін үлкен құрмет", - деді Кларинваль.
Ол Ғиниятқа Қазақстанда пандемиямен күреске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, барлық медицина қызметкеріне зор денсаулық және амандық тіледі.
Айта кетері, бүгін 19 маусым Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні аталып өтуде. Мереке президент жарлығымен 1998 жылы бекітілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Денсаулық
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0