Спорт

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов (23-1) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.
АҚШ-тың Остин қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде Ысмағұлов грузин спортшысы Гурам Кутателадземен (12-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундтан тұрды. Соның нәтижесінде қазақстандық файтер төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Осылайша, Дамир Ысмағұлов аралас жекпе-жек бойынша кәсіби мансабында 24-ші рет жеңіске жетті. UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет ұтылмады. Ал Гурам Кутателадзе үшінші мәрте жеңіліп отыр.
Бұған дейін Ысмағұлов австралиялық Алекс Горджесті (7-1), испаниялық Хоэль Альваресті (19-3), бразилиялық Тьяго Мойзесті (15-6) және оның жерлесі Рафаэль Алвесті (20-10) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жаңалықтар
0