https://sputnik.kz/20220618/qostanay-sarymsaq-adam-oltirgender-sottaldy-25616526.html
Қостанайда сарымсақ үшін адам өлтіргендер сотталды
Қостанайда сарымсақ үшін адам өлтіргендер сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар қылмыс іздерін жасыру үшін ер адамның басын кесіп, өрттеп жіберген 18.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-18T12:41+0500
2022-06-18T12:41+0500
2023-08-11T11:39+0500
қостанай облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e6/06/12/25614951_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_1f71a4a78b02ff6623edbe1df16baba2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қостанай қаласының мамандырылған ауданаралық соты жағаұстатарлық қылмыс бойынша үкім шығарды. Адамды сарымсақ үшін өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Тоболинфо" порталына сілтеме жасап. Сот алдында "Краснопартизанское" бағбандар кооперативінің екі күзетшісі - 35 жастағы В. Д. мен 36 жастағы А. М. жауап берді. Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы 5 қыркүйекте мас күйінде отырған екі күзетшіге бір бағбан арызданып, алты бас сарымсақтың жоғалғанын айтты. Сол кезде көрші саяжай иесі күдікке ілінді. Күзетшілер одан ұрланған затты аламыз деп, ұрып-соғып, өлтіріп тастады. Артынан қылмыс іздерін жасыру үшін ер адамның басын кесіп, өрттеп жіберді. Ал денесін күзет үйшігінің маңайында көміп тастады. Бірақ екі күннен кейін қазып алып, Тобыл өзеніне апарды. Сол жерде қамыстың арасында батырып жіберді. Сот үкімімен 35 жастағы күзетші адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 1 миллион 377 мың 316 теңге көлемінде өтемақы төлеп беруге міндеттелді. Сотта күзетші өз кінәсін толығымен мойындады, жасаған әрекетіне өкінетінін де айтты. Судья оны да ескерді. Ал екінші күзетші ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейді. Себебі бұған дейін істі болған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/12/25614951_48:0:1185:853_1920x0_80_0_0_b0a60d30d833b49b74fa565d89e42d7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, қылмыс
Қостанайда сарымсақ үшін адам өлтіргендер сотталды
12:41 18.06.2022 (жаңартылды: 11:39 11.08.2023) Олар қылмыс іздерін жасыру үшін ер адамның басын кесіп, өрттеп жіберген
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қостанай қаласының мамандырылған ауданаралық соты жағаұстатарлық қылмыс бойынша үкім шығарды. Адамды сарымсақ үшін өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Тоболинфо" порталына сілтеме жасап.
Сот алдында "Краснопартизанское" бағбандар кооперативінің екі күзетшісі - 35 жастағы В. Д. мен 36 жастағы А. М. жауап берді. Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы 5 қыркүйекте мас күйінде отырған екі күзетшіге бір бағбан арызданып, алты бас сарымсақтың жоғалғанын айтты.
Сол кезде көрші саяжай иесі күдікке ілінді. Күзетшілер одан ұрланған затты аламыз деп, ұрып-соғып, өлтіріп тастады. Артынан қылмыс іздерін жасыру үшін ер адамның басын кесіп, өрттеп жіберді. Ал денесін күзет үйшігінің маңайында көміп тастады. Бірақ екі күннен кейін қазып алып, Тобыл өзеніне апарды. Сол жерде қамыстың арасында батырып жіберді.
Сот үкімімен 35 жастағы күзетші адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 1 миллион 377 мың 316 теңге көлемінде өтемақы төлеп беруге міндеттелді. Сотта күзетші өз кінәсін толығымен мойындады, жасаған әрекетіне өкінетінін де айтты. Судья оны да ескерді.
Ал екінші күзетші ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейді. Себебі бұған дейін істі болған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.