Путин антиресейлік санкциялардың Еуропаға келтірген шығын көлемін атады

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин принял участие в работе ПМЭФ-2022
Президент РФ В. Путин принял участие в работе ПМЭФ-2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2022
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы салынған санкциялардан Еуропа экономикасының шығыны 400 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин бірқатар батыс елінің Ресейге қарсы енгізген санкциялары нәтиже бермегенін айтты.
"Батыстағы русофобия мен Ресейге қарсы ессіз санкциялардың сипаты осындай. Мен оларды ақылға қонымсыз деп айтар едім. Олар саны да, сипаты да жағынан бұрын-соңды болмаған ауқымда ерекшеленіп отыр", - деді Путин жұма күні Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.
"Олар нені көздегені белгілі, - деді Путин. - Ресей экономикасын құлдыратып, бизнес-тізбекті бұзу, батыс компанияларын ресейлік нарықтан кетуге мәжбүрлеу, отандық активтерді бұғаттау арқылы өнеркәсіп, қаржы және адамдардың өмір сүру сапасына залал келтіру басты мақсат еді", - деді Путин.
"Бұл жоспар орындалмады. Мақсат жүзеге аспады", - деді Путин.

Путин: қазір әлем тұрақсыз

Қазір әлемде тек бір тараптың мүддесі қорғалып жатыр, мұндай жағдайда әлем тұрақсыз, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Іскерлік айналым мен халықаралық қарым-қатынастардың барлық нормасы қажеттілік туындаған жағдайда осы держава мүддесін қорғап отыр. Қазір әлемде тек бір тараптың мүддесі қорғалып жатыр. Мұндай қағидаға негізделген әлем тұрақсыз", - деді Путин пленарлық отырыста.

Еуропа экономикасының шығыны

Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы салынған санкциялардан Еуропа экономикасының шығыны 400 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін айтты. "Сарапшылардың пікірінше, Еуроодақтың санкция салдарынан алдағы жылдағы тікелей, есептелетін шығыны ғана 400 миллиард доллардан асуы мүмкін. Бұл қалыптасқан шынайы ахуалдан тыс, ақылға қайшы қабылданған шешімдердің бағасы болып отыр", - деді Путин.

Ресей экономикасынан күткен құлдырау орындалмады - Путин

Бір доллардың құны 200 рубль болатыны туралы және басқа да батыс болжамдары ақпараттық соғыстың бір бөлігі, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Ресей экономикасының болашағына қатысты көктемнің басында айтылған пессимистік болжамдар орындалмады. Сонымен бірге, бұл үгіт-насихат науқаны неліктен жүргізілгені, 200 рубль тұратын доллар бағамы және Ресей экономикасының құлдырауы туралы мәлімдемелер қайдан шыққаны түсінікті: мұның бәрі ақпараттық соғыстың құралы, Ресей қоғамына, отандық іскер топтарға психологиялық тұрғыдан әсер ету факторы болған және болып қала береді", - деді Путин.
Ол кейбір ресейлік сарапшылар осындай сыртқы қысым ықпалының жетегінде кеткенін айтты.
"Олар өз болжамдарында ресейлік экономиканың құлдырауы мен рубльдің қатты әлсіреуін басшылыққа алды", - деді Путин.

Бір полярлы әлем дәуірі аяқталды

Бір полярлы әлем тәртібін сақтап қалуға қанша тырысқанымен, оның дәуірі аяқталды, деді Путин.
"Бір жарым жыл бұрын Давос форумындв айтылғандай, бір полярлы әлем тәртібі аяқталды", - деді ресейлік көшбасшы.
Ол бұдан қашып құтылу мүмкін емес екенін айтты.
"Бір полярлы әлем тәртібін сақтап қалуға қанша тырысқанымен, оның дәуірі аяқталды. Бұл - табиғи құбылыс. Өзгеріс - тарихтағы қалыпты құбылыс. Себебі ғаламшардың өркениеттік әртүрлілігін, мәдениеттердің байлығын саяси, экономикалық және басқа заңдылықтармен біріктіру қиын. Мұндайда бір орталықтан мәжбүрлеп енгізілетін шаблондар жұмыс істемейді",- деді Путин.
Еске салсақ, 15-18 маусым аралығында Санкт-Петербургте мерейтойлық XXV Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр.
Форумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Жаңалықтар
0