https://sputnik.kz/20220618/orynbor-qazaqstandyq-gaz-25616044.html
Орынборда қазақстандық газды өңдеу көлемі артады
Орынборда қазақстандық газды өңдеу көлемі артады
Sputnik Қазақстан
Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады 18.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-18T12:09+0500
2022-06-18T12:09+0500
2022-06-18T12:09+0500
газ өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_0:103:3277:1946_1920x0_80_0_0_e9fc8023218e67e0fd18ea55c18441dd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен "Газпром"" ААҚ-сы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға рәсімделді. Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында екі компанияның басшылары - Санжар Жаркешов пен Алексей Миллер бірлескен құжатқа қол қойды. Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады. Сонымен қатар, "ҚазРосГаз" ЖШС және "Газпром переработка" ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды. Соның аясында 2022 жылы шикізатты өңдеу көлемі тағы 0,57 млрд м3-ға артып, 8,67 млрд м3-ге дейін жетеді. Ал келесі жылы 1,23 млрд м3-ге артады. "ҚазРосГаз" ЖШС мұнай-газ конденсатты кен орнының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің ішкі нарығын тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Орынбор газ өңдеу зауытының қуаттарында қазақстандық газды өңдейді. Жыл сайынғы өңдеу көлемі шамамен 9 млрд м3 құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_272:0:3003:2048_1920x0_80_0_0_8612e703bc637cd7ea3b9a48bee708e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ өңдеу зауыты
Орынборда қазақстандық газды өңдеу көлемі артады
Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен "Газпром"" ААҚ-сы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға рәсімделді. Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында екі компанияның басшылары - Санжар Жаркешов пен Алексей Миллер бірлескен құжатқа қол қойды.
Меморандумға сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды өңдеу көлемін жылына 11 млрд м3 дейін арттырады.
"Аталған шара ішкі нарыққа тауарлық газ көлемін жеткізуді жылына 1,7 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тарапқа сұйық көмірсутек өндірісін арттыруға ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, "ҚазРосГаз" ЖШС және "Газпром переработка" ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды.
Соның аясында 2022 жылы шикізатты өңдеу көлемі тағы 0,57 млрд м3-ға артып, 8,67 млрд м3-ге дейін жетеді. Ал келесі жылы 1,23 млрд м3-ге артады.
"ҚазРосГаз" ЖШС мұнай-газ конденсатты кен орнының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің ішкі нарығын тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Орынбор газ өңдеу зауытының қуаттарында қазақстандық газды өңдейді.
Жыл сайынғы өңдеу көлемі шамамен 9 млрд м3 құрайды.