https://sputnik.kz/20220618/atyrau-ustine-sorpa-togilgen-buldirshin-qaytys-boldy-25616653.html
Атырауда үстіне сорпа төгілген бүлдіршін қайтыс болды
Атырауда үстіне сорпа төгілген бүлдіршін қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде ауыр жағдайда түскен пациенттерді Нұр-Сұлтан қаласы қабылдамай отырады 18.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-18T13:20+0500
2022-06-18T13:20+0500
2022-06-18T13:20+0500
атырау облысы
күйік
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_eece8c12a79a933447e681965f81bc42.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Атырау қаласында үстіне ыстық сорпа төгіп алған 9 жасар бала қатты күйіп қалды. Облыстық аурухананың дәрігерлері барын салып, бүлдіршінді құтқаруға тырысты. Бірақ ол алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ATPress.kz порталына сілтеме жасап. 9 мауысымда облыстық ауруханаға қатты күйіп қалған баланы жеткізген. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Бес күннен кейін бүлдіршін қайтыс болды. Осы орайда ол маңызды бір мәселені көтерді. Бүгінде ауыр жағдайда түскен пациенттерді Нұр-Сұлтан қаласы қабылдамай отырады. Ол жерде күйік орталығы бар. Мекеме қажетті құралдармен жабдықталған. Соның көмегімен біраз адамды ажал аузынан алып қалуға болады. "Астанадағы аурухана қалалық мекемеге жатады. Соған қарамастан, арнайы бөлімі мен қажетті құрал-жабдықтары бар. Ал біздің дәрігерлеріміз барын салады, қолы қысқа, қажетті құрал-жабдықтар жоқтың қасы. Нұр-Сұлтандағы күйік орталығында барлық жағдай жасалған. Ол жерде ауыр пациентерге көмектесе алады. Біз өз пациенттерімізді жіберу жағынан келісуге тырыстық. Бірақ нәтиже жоқ. Ауруханың мәртебесі аймақтардан науқастарды қабылдауға мүмкіндік бермейді деді. Осы мәселені министрлік деңгейінде шешу керек", - деп атап көрсетті Хван. Ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысында жыл басынан бері күйікпен түсетін балаларды саны 1,5 есеге артты. Осы уақытқа дейін, шамамен, 200 бала сан алуан жарақатпен қаралды.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_3cadacbceb3a46e65c14ae20eeee1aa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, күйік
Атырауда үстіне сорпа төгілген бүлдіршін қайтыс болды
Бүгінде ауыр жағдайда түскен пациенттерді Нұр-Сұлтан қаласы қабылдамай отырады
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Атырау қаласында үстіне ыстық сорпа төгіп алған 9 жасар бала қатты күйіп қалды. Облыстық аурухананың дәрігерлері барын салып, бүлдіршінді құтқаруға тырысты. Бірақ ол алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
ATPress.kz порталына сілтеме жасап.
9 мауысымда облыстық ауруханаға қатты күйіп қалған баланы жеткізген. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Бес күннен кейін бүлдіршін қайтыс болды.
"Денесінің 50-55 процентін күйік шалды. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Біз Нұр-Сұлтандағы мамандармен үнемі байланысты болдық, қажеті ем-дом жасадық. Бірақ баланың құтқару мүмкін болмады", - дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.
Осы орайда ол маңызды бір мәселені көтерді. Бүгінде ауыр жағдайда түскен пациенттерді Нұр-Сұлтан қаласы қабылдамай отырады. Ол жерде күйік орталығы бар. Мекеме қажетті құралдармен жабдықталған. Соның көмегімен біраз адамды ажал аузынан алып қалуға болады.
"Астанадағы аурухана қалалық мекемеге жатады. Соған қарамастан, арнайы бөлімі мен қажетті құрал-жабдықтары бар. Ал біздің дәрігерлеріміз барын салады, қолы қысқа, қажетті құрал-жабдықтар жоқтың қасы. Нұр-Сұлтандағы күйік орталығында барлық жағдай жасалған. Ол жерде ауыр пациентерге көмектесе алады. Біз өз пациенттерімізді жіберу жағынан келісуге тырыстық. Бірақ нәтиже жоқ. Ауруханың мәртебесі аймақтардан науқастарды қабылдауға мүмкіндік бермейді деді. Осы мәселені министрлік деңгейінде шешу керек", - деп атап көрсетті Хван.
Ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысында жыл басынан бері күйікпен түсетін балаларды саны 1,5 есеге артты. Осы уақытқа дейін, шамамен, 200 бала сан алуан жарақатпен қаралды.