https://sputnik.kz/20220617/qazaqstan-iri-zhylu-elektr-stantsiyasy-ayyppul-25587693.html
Қазақстандағы ірі жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды
Қазақстандағы ірі жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Қазір ГРЭС-1-де бірінші энергоблокты қалпына келтіру және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Ол 2023 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T08:39+0500
2022-06-17T08:39+0500
2022-06-17T08:39+0500
өңірлер
жылу
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_0:144:3129:1904_1920x0_80_0_0_20ab9aad675cd6a8fd5142046f42bd1a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облысының экология департаменті бірінші жартыжылдыққа Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді.Экология министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында экология заңнамасының бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, парниктік газдар шамадан тыс шығарылған.Парниктік газдар шығарындыларына квота саудасының қолданыстағы жүйесі аясында кәсіпорын өтемеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.Заңға сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квота көлемін жабуға тиіс.ГРЭС-1-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 33 301 625 мың теңге айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20220609/qazaqstan-atom-elektr-stantsiyasy-toqaev-25435776.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_191f7755e0603e2a7b1288179e7f0a32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, электр энергиясы
Қазақстандағы ірі жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды
Қазір ГРЭС-1-де бірінші энергоблокты қалпына келтіру және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Ол 2023 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облысының экология департаменті бірінші жартыжылдыққа Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді.
Экология министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында экология заңнамасының бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, парниктік газдар шамадан тыс шығарылған.
Парниктік газдар шығарындыларына квота саудасының қолданыстағы жүйесі аясында кәсіпорын өтемеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.
Заңға сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квота көлемін жабуға тиіс.
ГРЭС-1-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 33 301 625 мың теңге айыппұл салынды.