https://sputnik.kz/20220617/qazaqstan-biznes-tolemder-tsifrlandyru-mastercard-25587299.html
Қазақстан бизнес үшін төлемдерді цифрландыру туралы MasterCard-пен келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан бизнес үшін төлемдерді цифрландыру туралы MasterCard-пен келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шығыс Еуропа бойынша MasterCard президенті Ясемин Бедирмен кездесті, деп хабарлайды... 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T08:25+0500
2022-06-17T08:25+0500
2022-06-17T08:25+0500
экономика
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25586863_0:105:1280:826_1920x0_80_0_0_f35dcb600ba7be820875e94a99dd11e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шығыс Еуропа бойынша MasterCard президенті Ясемин Бедирмен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Кездесу жуырда ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бойынша екінші өңірлік саммит басталған Алматыда өтті.Қуантыров Қазақстанға әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі саналатын оператормен ынтымақтастықты жолға қою өте маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі таңда америкалық MasterCard корпорациясы Қазақстанда белсенді жұмыс істейді және өз жұмысын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.Тараптар шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Бедир ханым халықаралық компания бизнес субъектілері арасында серіктестік орнататын кобрендингтік бағдарламалар туралы айтып берді.Сондай-ақ, Қазақстандағы төлемдерді цифрландыру туралы сөз қозғалды.Қуантыров атап өткендей, MasterCard кеңінен қолданатын технологиялық шешімдер кәсіпкерлерге бизнес-процестерді жеделдетуге көмектеседі.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға келісіп, өзара іс-қимылдың алдағы жоспарларын белгіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25586863_119:0:1252:850_1920x0_80_0_0_6ea52f00f7e8024efce54fb41b393c9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шығыс Еуропа бойынша MasterCard президенті Ясемин Бедирмен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу жуырда ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бойынша екінші өңірлік саммит басталған Алматыда өтті.
Қуантыров Қазақстанға әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі саналатын оператормен ынтымақтастықты жолға қою өте маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі таңда америкалық MasterCard корпорациясы Қазақстанда белсенді жұмыс істейді және өз жұмысын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Тараптар шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Бедир ханым халықаралық компания бизнес субъектілері арасында серіктестік орнататын кобрендингтік бағдарламалар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Қазақстандағы төлемдерді цифрландыру туралы сөз қозғалды.
Қуантыров атап өткендей, MasterCard кеңінен қолданатын технологиялық шешімдер кәсіпкерлерге бизнес-процестерді жеделдетуге көмектеседі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға келісіп, өзара іс-қимылдың алдағы жоспарларын белгіледі.