Қоғам

Полиция Армения нөмірімен жүрген көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАрмения нөмірі
Армения нөмірі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Қазіргі таңда Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны 13 мың теңгеден аспайды
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан полициясы Армениядан әкелінген көлікті тіркеу шараларының аяқталуына он ай қалғанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетері, Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлікті жеңілдетілген тәртіппен есепке қоюға рұқсат берілген. Биыл наурыз айында Армениядан келген көліктерді тіркеу мерзімі 2023 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды. Себебі коронавирус пандемиясы кезінде шектеу шаралары көп болып, көлікті елден шығару жағынан қиындық туындаған.
"Осылайша, бүгінде Арменияда тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстанға әкелінген көлік иелеріне өз автомобильдерін есепке қою мәселесін шешу үшін 10 айдан аз уақыт қалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі таңда Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны 13 мың теңгеден аспайды. Ал рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлікке арнайы куәлік алу керек. Оны аккредитациядан өткен ұйымдар береді. Олар:
"ҒЗО "Алматы-Стандарт" ЖШС, Алматы қ., Алатау ауданы, Мәдениет ш / а., Сүйінші к-сі, 1 үй, тел. (8-727)317-05-31;
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығы, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79А үй, тел. (87142)54-29-37, 57-05-64, 52-20-66;
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Батыс Қазақстан филиалының сынақ бөлімі, Орал қ., Гагарин к-сі, 23 үй, Молдағұлова к-сі, 23/1 үй, тел. (8-7112) 23-97-45;
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы, Петропавл қаласы, 2-ші Первомайская көшесі, 9-үй, тел. (8-7152)52-03-60.
Ресми статистикаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында ғана 196 автомобиль тіркелген. Соның ішінде 50 көліктің рөлі сол жаққа ауыстырылған.
"Тіркелгеннен кейін иелеріне көлікті Қазақстанда тіркеу туралы ұлттық куәлік және сары түстегі мемлекеттік нөмір беріледі. Сонымен қатар, Армениядан тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмейді. Автомобиль иесі оны иеліктен шығару құқығынсыз пайдалану мерзімі туралы шешім қабылдауға құқылы", - деп атап көрсетті мамандар.
Жаңалықтар
0