Нұр-Сұлтандағы гүлбақтың біріне ІІ Елизаветаның есімі берілуі мүмкін

© AFP 2024 / Frank AugsteinҰлыбритания патшайымы ІІ Елизавета
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Сондай-ақ елордадағы көшенің біріне басқа шетелдік монарх, жақында қайтыс болған БАӘ президенті Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімін беру ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан көшелеріне атау беру бойынша көпшілік тыңдау өтіп жатыр. Атап айтқанда, шағын саябаққа Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру ұсынылды.
"Қабанбай батыр даңғылындағы "Салтанат сарайы" кешені мен The St. Regis Astana қонақ үйі арасында орналасқан атаусыз скверге Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру ұсынылып отыр. Сонымен қатар елордадағы сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан атаусыз аллеяға мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, дипломат *Нәзір Төреқұловтың есімін беру бойынша ұсыныс жасалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ көшелерге Орал Мұхамеджанов (мәжілістің экс-спикері), Нұрлан Балғымбаев (Қазақстанның экс-премьер-министрі), Сафуан Шаймерденов (жазушы), Нұркен Әбдіров (Кеңес ұшқышы, Кеңес Одағының батыры), Олжабай батыр, Шерхан Мұртаза (жазушы), Дүкенбай Досжан (жазушы), Еркеғали Рахмадиев (композитор), Александра Сызғанова (хирург), Еркін Әуелбеков (Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты), Қанай би, Хамза Есенжанов (жазушы), Бопай ханым (Кіші жүз ханы Әбілхайырдың әйелі, Нұралы, Ералы және Айшуақ хандардың анасы), Қайреден Қарбаев (кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер), Сабыр Ниязбеков (Қазақ КСР Жоғары кеңесі президиумының 15-ші төрағасы), Бертіс би, Құман Тастамбеков (актер, Қыз Жібек фильмінде Төлеген рөлін сомдаған), Шолпан Жандарбекова (актриса), Ақселеу Сейдімбек (этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист), Халифа бен Заид Әл-Нахаян (БАӘ экс-президенті), Барлыбек Сырттанұлы, Ермұхан Бекмаханов (тарихшы), Тұрсынбек Кәкішев (педагог), Сәбит Мұқанов (жазушы), Бозоқ, Ботай, Түйменкент, Жарқұдық, Ақжал, Алшалы, Жалтыр есімдерін беру ұсынылды.
*Нәзір Төреқұлов – КСРО-ның Сауд Арабиясы корольдігіндегі өкілетті өкілі (1928-1936), публицист, филолог, 1937 жылы атылған.
Жаңалықтар
0