https://sputnik.kz/20220617/europada-zauyttar-turalap-qaldy-25605051.html
Еуропада зауыттар тұралап қалды
Еуропада зауыттар тұралап қалды
Sputnik Қазақстан
Еуроодақ энергетикалық тәуелділікті барынша төмендеткенімен, өнеркәсіпке арзан ресейлік энергия тасымалдағыштар жетіспей жатқаны анықталды. Баға шарықтап тұр... 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T22:20+0500
2022-06-17T22:20+0500
2022-06-17T22:20+0500
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25605514_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_85ada6de6fdb64ef30c5fc87fc5a04e6.jpg
Еуроодақ энергетикалық тәуелділікті барынша төмендеткенімен, өнеркәсіпке арзан ресейлік энергия тасымалдағыштар жетіспей жатқаны анықталды. Баға шарықтап тұр, ал Мәскеу жеткізулер кез келген уақытта тоқтап қалатынын ашық айтты. Зауыттар бірінен кейін бірі өндірісті тоқтатып жатыр. Брюссельдің жаңа энергетика саясаты қай салаға үлкен шығын әкелгені туралы РИА Новости жазды.Еуроодақтағы энергия ресурстары жыл басынан бері 50%-ке қымбаттап, соңғы 13 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Инфляция тоқтаусыз өсіп жатыр. Мамыр айында еуроаймақтың 19 елінде рекордтық көрсеткіш тіркелді: 8,1%. Бұл бірінші кезекте энергия тасымалдаушылар(39,2%, сәуірде 37,5%), азық-түлік өнімдері, алкоголь және темекі өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар есебінен болып отыр.Эстонияда, Латвияда, Литвада бұдан да көп: 20,1%, 18,5% және 16,4%. Ең ірі экономика саналатын Германия мен Францияда – 8,7% және 5,8%. Бұл Германия үшін жарты ғасырлық максимум болып отыр."Мұндай көрсеткіштер Мәскеуге қарсы енгізілген санкциялар мен ресейлік мұнай мен газға ішінара тыйым салудың тікелей салдары болып отырғаны белгілі. Маусым айында Брюссель қара алтынды құбыр арқылы импорттауға эмбарго енгізді, бірақ көмірсутектен толық бас тартуға батылы бармады. Теңіз арқылы тасымалдау жалғасып жатқанымен, бұл тым қымбатқа түсуде. Тұтынушылар да, өнеркәсіп те жоғары баға төлеп отыр. Еуропалықтарға жанармай тапшылығы төнді", - деп жазды автор.Бақылаушылардың айтуынша, ЕО экономикасы апат алдында тұр. Ал тұтыну нарығындағы инфляциялық "дауыл" енді ғана басталды. Жылдық мәнде 36,8% болған өндірушілер тарифтері индексінің күрт өсуі бағаның одан әрі жоғарылауын аңғартады.Spiegel басылымы Еуропалық Одақ санкциялардың алтыншы пакеті аясында енгізген ресейлік мұнайға ішінара эмбарго бағаның қатты өсуіне, жоғары проценттік мөлшерлемеге, халықтың кірісі мен сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді деп санайды. Басылымға Bruegel зерттеу орталығының директоры Гунтрам Вольф хабарлағандай, инфляциялық қысым күшейе береді және нарықтардағы жағдай нашарлайды.Күзде газ бағасы Еуропаның химия өнеркәсібіне қатты әсер етті. Норвегиядағы Yara International ASA компаниясы минералды тыңайтқыштар өндірісін 40%-ке қысқартты. Британдық CF Industries екі зауытты жапты, немістердің BASF SE компаниясы да кейбір нысандарды тоқтатты.Енді The Wall Street Journal жазғандай, басқа зауыттарда да дәл осындай жағдай. Ондаған жылдар бойы арзан ресейлік мұнайды пайдаланып келген бірнеше кәсіпорын энергия құнының өсуіне қарсы тұра алмай, өндірісті бірден тоқтатты. Егер Мәскеу газ жеткізуді толығымен тоқтатса, барлық өндіріс тұралап қалатыны анық."Газпром" рубльмен есеп айырысуддан бас тартқан Болгария, ФФинляндия және Польша үшін жеткізулерді тоқтатты. Ал Ресейдің Еуроодақтың газ импортындағы үлесі 40%-ке жуықтайды.Мамырда Италияның Экология министрі Роберто Чинголани "ЕО құқықтық база мен оның салдарын реттеп жатқан шақта" рубльмен төлеуге уақытша рұқсат беруге шақырды. Ал 15 маусымда италиялық Eni "Газпромнан" жеткізілімдердің қысқаруы туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.Қазір АҚШ, Таяу Шығыс пен басқа аймақтарда энергия бағасы Еуропадағыдан әлдеқайда төмен. Мысалы, Еуроодақта газ америкалық нарықтағыдан үш есе қымбат. Сондықтан еуропалық кәсіпорындар бәсекеге төтеп бере алмайды.Жаңа сын-қатерді барлық сала сезінгенді. Дегенмен, химия саласына қатты соққы болды. Мысалы, OCI NV директоры Ахмед ЭЭль-Хошидің айтуынша, компания Нидерладыдағы аммиак өндірісін қысқартып, енді оны АҚШ, Мысыр мен Алжирдан импорттап отыр.Ұлыбританияда азот тыңайтқыштары нарығындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – Ince зауыты жабылды. Ие-компания CF Fertilizers бұл азық-түлік жеткізу тізбегін бұзуы мүмкін екенін ескертті.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Біріккен Корольдіктегі инфляция мамырда 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп, тоғыз процентті құрады. Жалпы Make UK (өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындарының федерациясы) мәліметі бойынша, британдық компаниялардың 17%-і "энергияны көп қажет ететін өнімдерді шығаруды" қысқартты."Металлургтер де оңай болып жатқан жоқ Наурыз айынан бастап ArcelorMittal болат құю цехтарының жұмыс уақытының шамамен үштен бір бөлігін қысқартты. Acerinox Испаниядағы жалғыз зауытын жапты. Испаниядағы бас кеңсесі бар Celsa болат құю холдингі Барселонадағы жылдық қуаты 2,5 миллион тонна болатын зауытты уақытша тоқтатуға дайындалып жатыр", - деп жазды мақала авторы."Газпром" "Солтүстік ағын" бойынша газ айдау қысқарғаны туралы хабарлағаннан кейін көгілдір отын бағасы мың текше метр үшін 1200 еуродан жоғары көтерілді. Барлық болжамға сәйкес, электр энергиясына жұмсалатын жоғары шығын Еуроодақтағы өнеркәсіптік өндірісті құлдыратып, экономикалық өсімге нұқсан келтіруі мүмкін.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25605514_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_71598f61385ea6e43149ce1e2d2fd5ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Еуроодақ энергетикалық тәуелділікті барынша төмендеткенімен, өнеркәсіпке арзан ресейлік энергия тасымалдағыштар жетіспей жатқаны анықталды. Баға шарықтап тұр, ал Мәскеу жеткізулер кез келген уақытта тоқтап қалатынын ашық айтты. Зауыттар бірінен кейін бірі өндірісті тоқтатып жатыр. Брюссельдің жаңа энергетика саясаты қай салаға үлкен шығын әкелгені туралы
РИА Новости жазды.
Еуроодақтағы энергия ресурстары жыл басынан бері 50%-ке қымбаттап, соңғы 13 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Инфляция тоқтаусыз өсіп жатыр. Мамыр айында еуроаймақтың 19 елінде рекордтық көрсеткіш тіркелді: 8,1%. Бұл бірінші кезекте энергия тасымалдаушылар(39,2%, сәуірде 37,5%), азық-түлік өнімдері, алкоголь және темекі өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар есебінен болып отыр.
Эстонияда, Латвияда, Литвада бұдан да көп: 20,1%, 18,5% және 16,4%. Ең ірі экономика саналатын Германия мен Францияда – 8,7% және 5,8%. Бұл Германия үшін жарты ғасырлық максимум болып отыр.
"Мұндай көрсеткіштер Мәскеуге қарсы енгізілген санкциялар мен ресейлік мұнай мен газға ішінара тыйым салудың тікелей салдары болып отырғаны белгілі. Маусым айында Брюссель қара алтынды құбыр арқылы импорттауға эмбарго енгізді, бірақ көмірсутектен толық бас тартуға батылы бармады. Теңіз арқылы тасымалдау жалғасып жатқанымен, бұл тым қымбатқа түсуде. Тұтынушылар да, өнеркәсіп те жоғары баға төлеп отыр. Еуропалықтарға жанармай тапшылығы төнді", - деп жазды автор.
Бақылаушылардың айтуынша, ЕО экономикасы апат алдында тұр. Ал тұтыну нарығындағы инфляциялық "дауыл" енді ғана басталды. Жылдық мәнде 36,8% болған өндірушілер тарифтері индексінің күрт өсуі бағаның одан әрі жоғарылауын аңғартады.
Spiegel басылымы Еуропалық Одақ санкциялардың алтыншы пакеті аясында енгізген ресейлік мұнайға ішінара эмбарго бағаның қатты өсуіне, жоғары проценттік мөлшерлемеге, халықтың кірісі мен сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді деп санайды. Басылымға Bruegel зерттеу орталығының директоры Гунтрам Вольф хабарлағандай, инфляциялық қысым күшейе береді және нарықтардағы жағдай нашарлайды.
Күзде газ бағасы Еуропаның химия өнеркәсібіне қатты әсер етті. Норвегиядағы Yara International ASA компаниясы минералды тыңайтқыштар өндірісін 40%-ке қысқартты. Британдық CF Industries екі зауытты жапты, немістердің BASF SE компаниясы да кейбір нысандарды тоқтатты.
Енді The Wall Street Journal жазғандай, басқа зауыттарда да дәл осындай жағдай. Ондаған жылдар бойы арзан ресейлік мұнайды пайдаланып келген бірнеше кәсіпорын энергия құнының өсуіне қарсы тұра алмай, өндірісті бірден тоқтатты. Егер Мәскеу газ жеткізуді толығымен тоқтатса, барлық өндіріс тұралап қалатыны анық.
"Газпром" рубльмен есеп айырысуддан бас тартқан Болгария, ФФинляндия және Польша үшін жеткізулерді тоқтатты. Ал Ресейдің Еуроодақтың газ импортындағы үлесі 40%-ке жуықтайды.
Мамырда Италияның Экология министрі Роберто Чинголани "ЕО құқықтық база мен оның салдарын реттеп жатқан шақта" рубльмен төлеуге уақытша рұқсат беруге шақырды. Ал 15 маусымда италиялық Eni "Газпромнан" жеткізілімдердің қысқаруы туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.
Қазір АҚШ, Таяу Шығыс пен басқа аймақтарда энергия бағасы Еуропадағыдан әлдеқайда төмен. Мысалы, Еуроодақта газ америкалық нарықтағыдан үш есе қымбат. Сондықтан еуропалық кәсіпорындар бәсекеге төтеп бере алмайды.
Жаңа сын-қатерді барлық сала сезінгенді. Дегенмен, химия саласына қатты соққы болды. Мысалы, OCI NV директоры Ахмед ЭЭль-Хошидің айтуынша, компания Нидерладыдағы аммиак өндірісін қысқартып, енді оны АҚШ, Мысыр мен Алжирдан импорттап отыр.
Ұлыбританияда азот тыңайтқыштары нарығындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – Ince зауыты жабылды. Ие-компания CF Fertilizers бұл азық-түлік жеткізу тізбегін бұзуы мүмкін екенін ескертті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Біріккен Корольдіктегі инфляция мамырда 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп, тоғыз процентті құрады. Жалпы Make UK (өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындарының федерациясы) мәліметі бойынша, британдық компаниялардың 17%-і "энергияны көп қажет ететін өнімдерді шығаруды" қысқартты.
"Металлургтер де оңай болып жатқан жоқ Наурыз айынан бастап ArcelorMittal болат құю цехтарының жұмыс уақытының шамамен үштен бір бөлігін қысқартты. Acerinox Испаниядағы жалғыз зауытын жапты. Испаниядағы бас кеңсесі бар Celsa болат құю холдингі Барселонадағы жылдық қуаты 2,5 миллион тонна болатын зауытты уақытша тоқтатуға дайындалып жатыр", - деп жазды мақала авторы.
"Газпром" "Солтүстік ағын" бойынша газ айдау қысқарғаны туралы хабарлағаннан кейін көгілдір отын бағасы мың текше метр үшін 1200 еуродан жоғары көтерілді. Барлық болжамға сәйкес, электр энергиясына жұмсалатын жоғары шығын Еуроодақтағы өнеркәсіптік өндірісті құлдыратып, экономикалық өсімге нұқсан келтіруі мүмкін.