https://sputnik.kz/20220617/agenttik-zhalgan-qarzhy-kompaniyalary-25594917.html
Агенттік интернетте жалған қаржы компаниялары көбейіп кеткенін ескертті
Агенттік интернетте жалған қаржы компаниялары көбейіп кеткенін ескертті
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар жұртты сендіру үшін белгілі компаниялар мен банктердің логотипін пайдаланады 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T12:06+0500
2022-06-17T12:06+0500
2022-06-17T12:06+0500
қоғам
компания
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі интернетте белгілі компаниялардың атын жамылып, алаяқтықпен айналысып жүрген қаржы компанияларының көбейіп кеткенін ескертті.Агенттік ақпаратынша, интернетте "Қазмұнайгаз", "Теңізшевройл" мұнай компаниялары, "Бәйтерек Инвест" мемлекеттік цифрлық платформасы және Kaspi bank сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кіріс уәде ететін жалған компаниялардың саны өсіп барады."Алаяқтар жұртты сендіру үшін белгілі компаниялар мен банктердің, ақпарат порталдарының логотипін пайдаланады. Сонымен қатар қатысушы ретінде танымал тұлғалардың аты-жөнін атайды. Мұндай жарнаманың бәрі – жалған, шындыққа жанаспайды және қаржы пирамидасының белгілері бар", - делінген хабарламада.Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды. Әрбір ұйымды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тізімінен және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеріп алған жөн.
https://sputnik.kz/20220617/almatynyn-300-den-asa-turgyny-finiko-qarzhy-piramidasyna-aldanyp-qaldy-25588791.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания
Агенттік интернетте жалған қаржы компаниялары көбейіп кеткенін ескертті
Алаяқтар жұртты сендіру үшін белгілі компаниялар мен банктердің логотипін пайдаланады
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі интернетте белгілі компаниялардың атын жамылып, алаяқтықпен айналысып жүрген қаржы компанияларының көбейіп кеткенін ескертті.
Агенттік ақпаратынша, интернетте "Қазмұнайгаз", "Теңізшевройл" мұнай компаниялары, "Бәйтерек Инвест" мемлекеттік цифрлық платформасы және Kaspi bank сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кіріс уәде ететін жалған компаниялардың саны өсіп барады.
"Алаяқтар жұртты сендіру үшін белгілі компаниялар мен банктердің, ақпарат порталдарының логотипін пайдаланады. Сонымен қатар қатысушы ретінде танымал тұлғалардың аты-жөнін атайды. Мұндай жарнаманың бәрі – жалған, шындыққа жанаспайды және қаржы пирамидасының белгілері бар", - делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырды. Әрбір ұйымды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тізімінен және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеріп алған жөн.