https://sputnik.kz/20220616/toqaev-qazaqmys-zhezqazgan-qarazhat-25566580.html
Президент Қазақмыстан Жезқазғанды дамытуға көбірек қаражат бөлуді сұрады
Президент Қазақмыстан Жезқазғанды дамытуға көбірек қаражат бөлуді сұрады
Sputnik Қазақстан
компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T12:42+0500
2022-06-16T12:42+0500
2022-06-16T14:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
жезқазған
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25565494_0:0:3275:1842_1920x0_80_0_0_5160781513d78713762c3bd7232a52b9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына іссапары кезінде Жезқазғандағы қала құрушы кәсіпорынның басшылығымен кездесіп, олармен жаңа облыс орталығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда. Бұдан кейін "Қазақмыс компаниясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай (Қазақстанның ең бай бизнесмендері арасында Forbes тізіміндегі кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан "Қазақмыс" биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп. Президент бірінші кезекте жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті. "Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін", - деді президент. Айта кетейік, "Қазақмыс" 2023 жылы Жезқазғанда балалар спорт академиясын және 200 орындық интернат салуды жоспарлап отыр. Тоқаев спорт ғимараттарын салу кезінде көпфункционалды спорт кешендеріне басымдық беру керек екеніне назар аударды. Одан бөлек компания жаңа стандарттарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали президентке облыстың басты мәселелері туралы баяндады. Атап айтсақ: экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік саладағы мәселелер. Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас - Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді. Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 - 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған. Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты.
жезқазған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25565494_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_3dedaf8060fda7a25f8e340807ca45ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жезқазған
қасым-жомарт тоқаев, жезқазған
Президент Қазақмыстан Жезқазғанды дамытуға көбірек қаражат бөлуді сұрады
12:42 16.06.2022 (жаңартылды: 14:30 16.06.2022) компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына іссапары кезінде Жезқазғандағы қала құрушы кәсіпорынның басшылығымен кездесіп, олармен жаңа облыс орталығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.
Бұдан кейін "Қазақмыс компаниясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай (Қазақстанның ең бай бизнесмендері арасында Forbes тізіміндегі кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады.
Оның айтуынша, компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан "Қазақмыс" биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп.
"Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Әрине, әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. "Қазақмыс" компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер мүмкіндік болса, қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бірінші кезекте жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті.
"Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін", - деді президент.
Айта кетейік, "Қазақмыс" 2023 жылы Жезқазғанда балалар спорт академиясын және 200 орындық интернат салуды жоспарлап отыр. Тоқаев спорт ғимараттарын салу кезінде көпфункционалды спорт кешендеріне басымдық беру керек екеніне назар аударды. Одан бөлек компания жаңа стандарттарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали президентке облыстың басты мәселелері туралы баяндады.
Атап айтсақ: экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік саладағы мәселелер. Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас - Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.
Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022 - 2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.
Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты.