https://sputnik.kz/20220616/shymkent-qantar-tartipsizdik-qaru-25562060.html
Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған үш күдікті ұсталды
Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған үш күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олар дүкеннен қолдарына түскеннің барлығын алып, жасырыну мақсатымен Шымкент қаласына кеткен 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T10:31+0500
2022-06-16T10:31+0500
2023-08-09T17:16+0500
өңірлер
шымкент
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1ae490d7e6114494f2edf33418db54d5.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Шымкент полицейлері Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару ұрлады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов мәлімдеді, деп хабарлады Polisia.kz. Спикердің айтуынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қаңтар айындағы оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен қару ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады. Күдіктінің екеуі оңтүстік астанада жалдамалы пәтерде тұрғаны, ал үшіншісі достарына қонаққа келгені анықталды. Қару-жарақ дүкені олар тұрған тұрғын үйдің бірінші қабатында болды. Ер азаматтар болса жағдайды пайдаланып, ұрлық жасауға шешім қабылдады. Олар дүкеннен қолдарына түскеннің барлығын алып, жасырыну мақсатымен Шымкент қаласына кеткен. Күдіктілер "ақбөкеннің" екі аңшылық карабинасы мен 70 патронды сатып алушыларға сатқан. Сатып алушыларды да жедел уәкілдер ұстады. Ал тир үшін мылтықты ұрлаушылардың бірі өзінде қалдырды. "Дерек Қылмыстық кодекстің 291-бабы, яғни "қару ұрлау" бойынша тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де – Түркістан облысының тұрғындары. Қазір олар қамауда", - деді Абдраманов. Департаменттің бас тергеушісі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған мылтықтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын жеткізді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_2:0:1442:1080_1920x0_80_0_0_cbf11b9980bfac444a8d3b166e391bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қару-жарақ
Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған үш күдікті ұсталды
10:31 16.06.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Олар дүкеннен қолдарына түскеннің барлығын алып, жасырыну мақсатымен Шымкент қаласына кеткен
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Шымкент полицейлері Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару ұрлады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов мәлімдеді, деп хабарлады Polisia.kz.
Спикердің айтуынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қаңтар айындағы оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен қару ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.
Күдіктінің екеуі оңтүстік астанада жалдамалы пәтерде тұрғаны, ал үшіншісі достарына қонаққа келгені анықталды.
Қару-жарақ дүкені олар тұрған тұрғын үйдің бірінші қабатында болды. Ер азаматтар болса жағдайды пайдаланып, ұрлық жасауға шешім қабылдады. Олар дүкеннен қолдарына түскеннің барлығын алып, жасырыну мақсатымен Шымкент қаласына кеткен.
Күдіктілер "ақбөкеннің" екі аңшылық карабинасы мен 70 патронды сатып алушыларға сатқан. Сатып алушыларды да жедел уәкілдер ұстады. Ал тир үшін мылтықты ұрлаушылардың бірі өзінде қалдырды.
"Дерек Қылмыстық кодекстің 291-бабы, яғни "қару ұрлау" бойынша тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де – Түркістан облысының тұрғындары. Қазір олар қамауда", - деді Абдраманов.
Департаменттің бас тергеушісі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған мылтықтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Сондай-ақ заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын жеткізді.