https://sputnik.kz/20220616/senat-turgyn-uydi-basqaru-forma-25561589.html
Сенат тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу мерзімін бір жылға ұзартуды ұсынды
Сенат тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу мерзімін бір жылға ұзартуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі пәтер иеленушілері кооперативі (КСК) тағы бір жыл жұмыс істейді 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T10:18+0500
2022-06-16T10:18+0500
2022-06-16T10:19+0500
сенат
көпқабатты тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17521178_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_7676a1954dc8c385ea1e633b8f99c2b0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестікке көшу мерзімі тағы бір жылға – 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. Сенат электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері туралы заң жобасына тиісті түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, заң жобасында бес бағыт бойынша міндеттерді жүзеге асыру қарастырылады. Бұл бағыттар: Заң жобасын талқылау барысында сенат депутаттары бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізген. "Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту", - деді Сұлтанов. Бұл түзету "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына енгізілмек. Сонымен қатар, заң жобасында Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту және оның негізгі өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының академигі ұғымын бекіту және зейнет жасына жеткен кезде оған өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеуді енгізу құқығын беретін нормалар қарастырылған. Сенаторлар мәжіліс мақұлдаған нормаларды қабылдап, өздері енгізген алты түзетуді мәжілістің қарауына жіберді. Айта кетері, қазақстандықтар 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуге тиіс болатын. Олар: мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік. 1 шілдеден кейін қазіргі ПИК немесе КСК өз жұмысын тоқтатады деп жоспарланған. Алайда бүгінде көппәтерлі үйлердің тұрғындары МИБ-ке көшуге асығар емес.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17521178_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_9159e3b6dba53db99dc1dd371136ad92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, көпқабатты тұрғын үй
сенат, көпқабатты тұрғын үй
Сенат тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу мерзімін бір жылға ұзартуды ұсынды
10:18 16.06.2022 (жаңартылды: 10:19 16.06.2022) Қазіргі пәтер иеленушілері кооперативі (КСК) тағы бір жыл жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестікке көшу мерзімі тағы бір жылға – 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. Сенат электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері туралы заң жобасына тиісті түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, заң жобасында бес бағыт бойынша міндеттерді жүзеге асыру қарастырылады.
экономика секторларының энергия тиімділігін арттыру және жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету;
электр станцияларында газ қондырғыларын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру;
Алматы қаласын дамыту аясында қоғамдық қатынастарды реттеуді жетілдіру; дәстүрлі емес көмірсутектерді өндіруді дамыту;
шекара бөлімшелері мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерін салу жөніндегі мәселелерді шешу.
Заң жобасын талқылау барысында сенат депутаттары бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізген.
"Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту", - деді Сұлтанов.
Бұл түзету "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына енгізілмек.
Сонымен қатар, заң жобасында Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту және оның негізгі өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының академигі ұғымын бекіту және зейнет жасына жеткен кезде оған өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеуді енгізу құқығын беретін нормалар қарастырылған.
Сенаторлар мәжіліс мақұлдаған нормаларды қабылдап, өздері енгізген алты түзетуді мәжілістің қарауына жіберді.
Айта кетері, қазақстандықтар 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуге тиіс болатын. Олар: мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік.
1 шілдеден кейін қазіргі ПИК немесе КСК өз жұмысын тоқтатады деп жоспарланған. Алайда бүгінде көппәтерлі үйлердің тұрғындары МИБ-ке көшуге асығар емес.