https://sputnik.kz/20220616/senat-toqaev-zhogargy-sot-25560190.html
Сенат Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидаттарын мақұлдады
Сенат Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидаттарын мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Сенат депутаттары екі кандидатураны да қолдап дауыс берді 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T09:23+0500
2022-06-16T09:23+0500
2022-06-16T09:23+0500
жоғарғы сот
сенат
https://sputnik.kz/img/old/827/44/8274405_0:0:1140:642_1920x0_80_0_0_db82ae139f92ee613c8a2adf46a9687a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп сенатқа президенттің Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидаттарын таныстырды. Олар: Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір және Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев. Сенат депутаттары екі кандидатураны да қолдап дауыс берді. Заң бойынша Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі керек. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қамбар Нұрышев 2015 жылы Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланғанда ант бергенін еске салды. Сондықтан бүгін ант бермейді. Ал Әмір Досжан Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланып отыр. Сол себепті Досжан сенат отырысында ант береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/827/44/8274405_40:0:1107:800_1920x0_80_0_0_24fb55f0d94347f4370a028ef9a8a1aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғарғы сот, сенат
Сенат Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидаттарын мақұлдады
Сенат депутаттары екі кандидатураны да қолдап дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп сенатқа президенттің Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидаттарын таныстырды.
Олар: Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір және Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев.
"Екеуінің де судья ретінде жұмыс тәжірибесі мол – 33 жылдан асады. Судья ретінде қызметін аудандық соттардың халық судьялары ретінде бастаған. Облыстық соттарды басқарған. Судья қоғамдастығында абырой-беделге ие", - деді Шипп.
Сенат депутаттары екі кандидатураны да қолдап дауыс берді.
Заң бойынша Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі керек.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қамбар Нұрышев 2015 жылы Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланғанда ант бергенін еске салды. Сондықтан бүгін ант бермейді.
Ал Әмір Досжан Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланып отыр. Сол себепті Досжан сенат отырысында ант береді.