"Қазтеміртранс" филиалының директоры қамауға алынды

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ол облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғаны үшін әшкереленді. Сот санкциясымен филиал басшысы қамауға алынды.
"Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша бірнеше рет жасалған осы әрекет үшін параның 60-70 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді. Оған белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынады.
Жаңалықтар
0