https://sputnik.kz/20220616/qazaqstan-qayyrymdylyq-salasy-ataq-25565654.html
Қазақстанда қайырымдылық саласындағы жандарға құрметті атақ беріледі
Қазақстанда қайырымдылық саласындағы жандарға құрметті атақ беріледі
Sputnik Қазақстан
Құрметті атақ халықаралық қайырымдылық күніне орай салтанатты түрде табысталады 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T12:19+0500
2022-06-16T12:19+0500
2022-06-16T12:19+0500
қайырымдылық
атақ
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018595_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_28bc1ba6ce5aa026d9e88aa36df9412d.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда қайырымдылық саласында құрметті атақ берілетін болады. Ереже жобасын ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірледі. Құжат жобасы жария талқылау үшін 30 маусымға дейін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Құрметті атақ: Сондай-ақ құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан, филантропиялық, меценаттық, демеушілік қызметті, сондай-ақ кіші отанға көмек көрсетуді жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдарға беру ұсынылады. Үздіктерді ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен құрылған құрметті атақ беру жөніндегі комиссия айқындайтын болады. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен парламент депутаттары кіреді. Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы комиссияның қалған мүшелерін жазбаша нысанда хабардар етеді. Комиссия құрамына құрметті атақ алатын үміткерлер кірмейді. Құрметті атақ беруге ұсынымдарды: Құрметті атақ беру туралы ұсыныстарда үміткердің жеке басын, оның жұмыс тәжірибесін, қайырымдылық саласын дамытуға қосқан әлеуметтік үлесін, нақты сіңірген еңбегін сипаттайтын деректер көрсетіледі. Құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы комиссияның шешімі комиссия отырысында көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда құрметті атақ берілмейді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі құрметті атақты 5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күніне ұйымдастырылатын салтанатты шарада табыстайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018595_86:0:1223:853_1920x0_80_0_0_7eaebedf12cfc72c7909ec46d3c195e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық, атақ
Қазақстанда қайырымдылық саласындағы жандарға құрметті атақ беріледі
Құрметті атақ халықаралық қайырымдылық күніне орай салтанатты түрде табысталады
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда қайырымдылық саласында құрметті атақ берілетін болады. Ереже жобасын ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірледі.
Құжат жобасы жария талқылау үшін 30 маусымға дейін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
қайырымдылық субъектілеріне;
қайырымдылық жасаушыларға;
қайырымдылық жасап жүрген еріктілерге беріледі.
Сондай-ақ құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан, филантропиялық, меценаттық, демеушілік қызметті, сондай-ақ кіші отанға көмек көрсетуді жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдарға беру ұсынылады.
Үздіктерді ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен құрылған құрметті атақ беру жөніндегі комиссия айқындайтын болады. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен парламент депутаттары кіреді.
Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы комиссияның қалған мүшелерін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссия құрамына құрметті атақ алатын үміткерлер кірмейді.
Құрметті атақ беруге ұсынымдарды:
1) орталық мемлекеттік органдар;
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады;
3) коммерциялық емес ұйымдар;
4) азамат немесе азаматтар тобы;
5) кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асырады.
Құрметті атақ беру туралы ұсыныстарда үміткердің жеке басын, оның жұмыс тәжірибесін, қайырымдылық саласын дамытуға қосқан әлеуметтік үлесін, нақты сіңірген еңбегін сипаттайтын деректер көрсетіледі.
Құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы комиссияның шешімі комиссия отырысында көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда құрметті атақ берілмейді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі құрметті атақты 5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күніне ұйымдастырылатын салтанатты шарада табыстайды.