https://sputnik.kz/20220616/qazaq-memleketi-qazaq-tili-25576599.html
Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді – Тоқаев
Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстанда ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс екенін мәлімдеді 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T16:53+0500
2022-06-16T16:53+0500
2022-06-16T16:53+0500
қазақ
қазақ тілі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14899186_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_77ad5ea6667a9f0b082d97f97c1f370b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқын мемлекеттік тілдің тағдырына алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында. Айтуынша, жақында әйгілі Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын Nickelodeon телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен NATIONAL GEOGRAPHIC журналы 6 жылдан бері қазақ тілінде жарық көреді. Президент Қазақстанда ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс екенін мәлімдеді. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Оның айтуынша, ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. "Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді. Баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20220616/toqaev-qazaqstan-atauyn-ozgertu-turaly-25569993.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14899186_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_eb5e2174640e51bf85b3f683d92d2d60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ, қазақ тілі, қасым-жомарт тоқаев
қазақ, қазақ тілі, қасым-жомарт тоқаев
Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді – Тоқаев
Президент Қазақстанда ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқын мемлекеттік тілдің тағдырына алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Айтуынша, жақында әйгілі Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын Nickelodeon телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен NATIONAL GEOGRAPHIC журналы 6 жылдан бері қазақ тілінде жарық көреді.
"Осындай көптеген жағымды жаңалық бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет. Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек", - деп қадап айтты Тоқаев.
Президент Қазақстанда ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс екенін мәлімдеді. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Оның айтуынша, ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр.
"Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді. Баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.