Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда биыл амфитеатр ашылады

© Photo : Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіНұр-Сұлтанда амфитеатр ашылады
Нұр-Сұлтанда амфитеатр ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңа амфитеатр ашылады. Қала әкімі Алтай Көлгінов нысанды келесі айда пайдалануға беруге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Каскадты амфитеатр Бейбітшілік және келісім сарайының артында салынып жатыр.
"Амфитеатр келесі айда ашылады. Осылайша, жанындағы саябақты үйлесімді түрде жалғай түседі", - дейді Көлгінов.
Жаңа нысанда мерекелік шаралар мен спектакльдер өткізуге болады. Ал жанында бүлдіршіндер ойнайтын алаң болады.
Қала басшысы биыл тартымды орындар қатары тіптен арта түседі деп отыр. 200-ден астам жайлы орын ашылады.
"Осылайша елордамыз ақырындап "көлік жүргізушілер қаласынан" "жаяу жүргіншілерге арналған қалаға" айналып келеді", - деп атап көрсетті әкім.
Жаңалықтар
0