https://sputnik.kz/20220616/nur-sultan-sushi-ulanyp-qalgandar-25559192.html
Нұр-Сұлтанда сушиден уланып қалғандардың саны артты
Нұр-Сұлтанда сушиден уланып қалғандардың саны артты
Sputnik Қазақстан
Біреулер демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жесе, енді біреулер тапсырыспен үйіне алдыртқан 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T08:25+0500
2022-06-16T08:25+0500
2023-08-09T12:37+0500
қоғам
астана
улану
https://sputnik.kz/img/255/80/2558084_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_a592bca59cff7b9f862c04579c87dc39.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында сушиден уланғандардың саны 90 адамнан асты. Бұған дейін үйінде емделгендер инфекциялық ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 9-маусымнан бастап астанадағы инфекциялық ауруханаға адамдай жаппай түсе бастаған. Барлығы бір жерден тамақтанған. Біреулер демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жесе, енді біреулер тапсырыспен үйіне алдыртқан. Артынан өздерін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінді. Екі күннің ішінде 64 адам ауруханадан бір-ақ шықты. Олардың саны күн сайын көбейіп келеді. Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады. Қоғамдық тамақтану орны жабылуы да мүмкін. "Улану фактісі тіркелгеннен кейін Байқоңыр ауданы санитария эпидемиология басқару басқармасы "Окадзаки" сауда орнына эпидемияға қарсы қаулы берген болатын. Оның ішінде жабылу туралы нұсқаулық жазылған. 13 маусымнан бастап мекеме жұмысын тоқтатты. Уақытша жабылып тұр. Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады", - дейді қалалық санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиева.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/255/80/2558084_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_2aae87c5d3854ff63611ae18a0fe92ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, улану
Нұр-Сұлтанда сушиден уланып қалғандардың саны артты
08:25 16.06.2022 (жаңартылды: 12:37 09.08.2023) Біреулер демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жесе, енді біреулер тапсырыспен үйіне алдыртқан
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында сушиден уланғандардың саны 90 адамнан асты. Бұған дейін үйінде емделгендер инфекциялық ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлайды
КТК арнасы.
9-маусымнан бастап астанадағы инфекциялық ауруханаға адамдай жаппай түсе бастаған. Барлығы бір жерден тамақтанған.
Біреулер демалыс күндері шығыс мейрамханасынан суши жесе, енді біреулер тапсырыспен үйіне алдыртқан. Артынан өздерін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінді.
Екі күннің ішінде 64 адам ауруханадан бір-ақ шықты. Олардың саны күн сайын көбейіп келеді. Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады. Қоғамдық тамақтану орны жабылуы да мүмкін.
"Улану фактісі тіркелгеннен кейін Байқоңыр ауданы санитария эпидемиология басқару басқармасы "Окадзаки" сауда орнына эпидемияға қарсы қаулы берген болатын. Оның ішінде жабылу туралы нұсқаулық жазылған. 13 маусымнан бастап мекеме жұмысын тоқтатты. Уақытша жабылып тұр. Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады", - дейді қалалық санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиева.