Қоғам

Халықты WhatsApp арқылы алдап жүрген алаяқ ұсталды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
Ол кез келген сомадағы ақшаны екі есе көбейтіп беруге уәде еткен
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында халықты WhatsApp мессенджері арқылы алдап кеткен алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі кезде алаяқтың жеті адамды алдағаны анықталып отыр. Жалпы шығынның көлемі – 2,5 млн теңге. Барлығы WhatsApp-та құрылған чат арқылы алданып қалған. Еңбекші аудандық полиция бөліміне арызданған әйел әлеуметтік желіде бір жарнаманы көргенін айтты. Одан кейін WhatsApp желісіндегі топқа қосылған.
Топтың әкімшісі кез келген сомадағы ақшаны екі есе көбейтіп беруге уәде еткен. Ал халықтың сеніміне кіру букмекерлік контораларда ұтыс жасауды білетінін жазып отырды. Тіпті, ірі ақшаның түбіртектерін де салған. Оған сеніп қалған әйел бірден 750 мың теңгесін аударып берген. Артынан алданғанын түсініп, полицияға арыз түсірді.
Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқ өз үйінде ұсталды.
Тексеріс кезінде оның Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тағы 6 тұрғынын алдағаны анықталды. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.
Жаңалықтар
0