https://sputnik.kz/20220616/esil-eki-bala-batyp-ketti-25578989.html
Есіл өзеніне екі бала батып кетті
Есіл өзеніне екі бала батып кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Есіл өзеніне түскен екі бала батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T19:08+0500
2022-06-16T19:08+0500
2022-06-16T19:08+0500
есіл өзені
бала
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_0:126:3073:1854_1920x0_80_0_0_8902b2e6f17e11913713e594085f1d58.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Есіл өзеніне түскен екі бала батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға 15 маусым кешкі уақытта Астрахан аудандағы Первомайка ауылына жақын жерде болған.Велосипед мінген үш бала Есіл өзеніне барып, суға түскен. Сол кезде 6 және 9 жасар екі ұл суға батып кеткен. 8 жасар үшінші бала ауылға жүгіріп барып, көмекке шақырған. Бірақ тым кеш болған. Оқиға орнына учаскелік инспектор барған. Ол аудандық полицияға екі баланың қайтыс болғанын хабарлады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері облыста 14 бала көз жұмды. Төртеуі жол апатына түссе, үшеуі суға батқан. Бір бала уланып қайтыс болған, тағы біреуі жоғары қабаттан құлаған. Тоқтан мерт болған бүлдіршін де бар.Еске салсақ, бір күн бұрын Нұр-Сұлтанға жақын жерде 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті.
есіл өзені
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_b497ed43bf7b752b5850cfc35269514c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есіл өзені, бала
Есіл өзеніне екі бала батып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Есіл өзеніне түскен екі бала батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 15 маусым кешкі уақытта Астрахан аудандағы Первомайка ауылына жақын жерде болған.
Велосипед мінген үш бала Есіл өзеніне барып, суға түскен. Сол кезде 6 және 9 жасар екі ұл суға батып кеткен. 8 жасар үшінші бала ауылға жүгіріп барып, көмекке шақырған. Бірақ тым кеш болған. Оқиға орнына учаскелік инспектор барған. Ол аудандық полицияға екі баланың қайтыс болғанын хабарлады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері облыста 14 бала көз жұмды. Төртеуі жол апатына түссе, үшеуі суға батқан. Бір бала уланып қайтыс болған, тағы біреуі жоғары қабаттан құлаған. Тоқтан мерт болған бүлдіршін де бар.
Еске салсақ, бір күн бұрын Нұр-Сұлтанға жақын жерде 12 жастағы қыз Есіл өзеніне
батып кетті.