https://sputnik.kz/20220616/erte-zhuktilik-qazaqstanda-sebebi-25579146.html
Ерте жүктілік: Қазақстанда тым жас аналардың көбеюінің себебі неде
Ерте жүктілік: Қазақстанда тым жас аналардың көбеюінің себебі неде
Sputnik Қазақстан
Елімізде 15-19 жастағы қыздар арасында ерте жүктілік Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріндегі жасөспірім қыздарға қарағанда 6 есе жиі кездеседі... 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T19:53+0500
2022-06-16T19:53+0500
2022-06-16T19:53+0500
қоғам
жүктілік
https://sputnik.kz/img/152/98/1529867_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_9e8ef8903e097bf2b9dae4cee9333dff.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Осы уақытқа дейін жыныстық қатынас тақырыбында сөйлесуге болмайтын. Десе де қазіргі уақытта блогерлер, кейбір сайттар да жыныстық қатынас туралы жазуда. Әрине, мұндай бағдарламалар кәмелетке толмағандарға арналмаған. Бірақ балалар әлеуметтік желіде жыныстық қатынас туралы зерттей бастайды. Психологиясы әлі толық жетілмеген жеткіншек үшін тыңдап, көрген дүниесінің барлығы дұрыс сияқты көрінеді. Осы тақырыпқа сауалнама жүргізу барысында ерте жүктіліктің көп жағдайда бойжеткен сенгіштігінен екені белгілі болды. Яғни, сценарий барлығына белгілі. Қыздар басқа қалаға оқуға келеді. Жаңа қала, жаңа ортада оларға қой дейтін қожа, әй дейтін әже жоқ. Бұған дейін үлкендер тарапынан қойылған шектеуді аттап өткісі келеді. Келе сала танысқан жаңа құрбыларымен таңға дейін түнгі клубтарда уақытын өткізеді. Жігіттер де оларға қырындайды. Бойжеткен болса, кәмелеттік жасқа толғанмын деп алдайды. Сезім еркіне берілген жігіт те, қыз да жағдайдың байыбына бармайды. Көп жағдайдың соңында жігіт түрмеге түсіп, қыз құрсақтағы баламен қалады. Махаббат көзін байлады 16 жастағы Мөлдір ауылды жерден үлкен қалаға оқуға келді. Колледжге түсті. Екінші курс оқып жүргенде ортақ таныстары арқылы өзінен 4 жас үлкен жігітпен танысады. Жігіттің жақсы қарым-қатынасынан соң Мөлдір ес-түссіз ғашық болды. Бірнеше айдан кейін бойжеткен өзінің жүкті екенін біліп, қуанышты жаңалықты сүйіктісіне айтқан. Сол уақытта барлық романтика мен махаббат аяқталды. Жігіт бірден түсік жасатуға ұсынысын жеткізді, бірақ Мөлдір мұндай ойды ойламаған да. Жүктілік туралы білгеннен кейін Мөлдірдің жігіті оған ескертпестен әскерге кетіп қалған. Бұл қыз үшін ауыр соққы болды. Қыз басқа ешкімге өзінің жүктілігі туралы айтпаған. Тіпті жақындарына тіс жармаған. "Таныстарым мені айыптайды, ата-анам ұрсады, мені қабылдамайды деп ойладым. Мен ішімді тартып жүргендіктен байқалмады. Осылайша мен жүктіліктің барлық кезеңінде колледжге оқуға бардым. Ауылға барғанымда ата-анам барлығын біліп қойды. Әкем жанжал шығарып, мені баламен қабылдамайтынын жеткізді. Қатты уайымдап, жыладым. Шынымды айтсам, мен бұдан әрі не болатынын ойламадым. Есепке тұрмадым, жүктіліктің қай айында екенімді, баланың жынысынан бейхабар болдым. Бұрынғыдай өмір сүріп, оқуымды жалғастырдым. Босанатын уақыт келгенде жалдап тұрған пәтердегі көршім жедел жәрдем шақырды", - деп әңгімеледі Мөлдір. Перзентханада Мөлдірге "Аналар үйінің" қызметкерлері келді. Босанатын әйелдің жағдайынан хабардар болған перинаталдық орталықтың дәрігерлері көптеген қызға арналған "Ана үйі" қоғамдық қорының мамандарын шақырған. Мәселенің шешімі қандайМамандарға салсақ, бұл дерттің дауасын жыныстық сауаттылыққа әкеп тірейді. Қыз да, ұл да бұл істе ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін мектепте үйренуі керек дегенді көлденең тартады. Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің себебін анықтау үшін теолог, психолог, гинеколог мамандарының пікіріне жүгіндім. Бірінші кезекте мәселенің моральдық жағын анықтау мақсатында теологпен сөйлестім. "Қазіргі уақытта ерте жүктілік жастар арасында үлкен мәселеге айналды. Осындай жағдайға тап болған жас қыздар, ата-анасына, үлкендерге айтпай, барлығын ішінде сақтайды. Бұл өз кезегінде бірқатар мәселелерге алып келеді. Іс-әрекетін күнәға балап, өзін күнәһар санайды. Құдай күнәкарларды ғана емес, сонымен бірге сүрініп, қателігін түсініп, өз кінәсін мойындағандарды қабылдайды. Дін қыздарға жігіттермен өзін қалай ұстау керек, болатын және болмайтын дүниелерді үйретеді", – деді теолог Ақнұр Тұрлықожа. Психолог не дейдіӨтпелі кезең деп аталатын уақытта жеткіншекте психологиялық тұрақсыздық болады. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздар жағдайды қабылдай алмай, соңында өзіне қол жұмсауға шешім қабылдайды. Осы жаста жасөспірімдер психологиялық жағына қоса жүктілік қосылады. Ештеңені түсінбейтін қыз бұл проблемамен кімге және қайда барарын білмейді. Психолог Дана Жеңдікова айналасына бірдеңені дәлелдегісі келетіндер жаман әдеттер мен ерте жыныстық қатынасқа түсетінін жеткізді. "Жалпы ерте жүктілік біздің менталитетке байланысты жыныстық тәрбиенің қалыптаспауынан болады. Яғни жыныстық қатынастың соңы жүктілікке әкелуін түсіндіру қажет. Ерте жүктілік тек қана психологиялық күйзелістерді ғана емес, ол физиологиялық тұрғыда да ағзаға үлкен зиянын алып келеді. Себебі жасөспірімнің ағзасы жүктілікке дайын болмайды. Ол жүктілік ананың ғана емес, баланың да өміріне қауіпті. Ананың қызбен, ұлдың әкемен жақын, сенімді қарым-қатынас орнатуы, ашық сөйлесуі, түсіндіру және де қандай жағдай болмасын ата-анаға сенім арта білуін қамтамасыз етуі қажет. Егер ата-ана баласымен, қызымен ашық сөйлесуге ұялса, кітап және басқа да материалдарды оқытса болады", – дейді психолог. Маманның айтуынша, жеткіншектің бұндай әрекеті – оның ішкі жанайқайы. Осы арқылы ол өзін тұлға ретінде көрсеткісі келеді. Бізге анонимді түрде келіп, хабарласатындардың басым бөлігі "Ата-анам мені жақсы көрмейді", "Анам мені неге түсінбейді?" деген сұрақтармен келеді. "Отбасының жеке мүшелерімен немесе отбасымен қарым-қатынастағы жалпы түсініспеушілік психикалық бұзылуларға әкеледі. Осының салдарынан қыздар ер адамның құшағынан баспана іздей бастайды. Бұл, әрине, көбінесе жыныстық қарым-қатынастағы өмірге әкеледі. Нәтижесінде жүктілік, босанғаннан кейінгі стресс және т.б. Бұл жағдайда біздің психолог ретіндегі жұмысымыз қыздарға шешілмеген проблемалар жоқ екенін көрсету. Өмір жолында кездесетін өз қорқынышытарын қалай жеңу керек екенін түсіндіреміз", – дейді психолог. Психолог балаға әрқашан "мен сені қандай жағдай болмасын жақсы көрем, сен жаман бол, жақсы бол, сол қалпыңда қабылдаймын" деп жиі айтқан жөн, дейді. Балалармен қатал, агрессивті түрде сөйлеспеген абзал, керісінше, сенімді қарым-қатынас орнату керек. Қарым-қатынас орнатқан соң, ерте жүктіліктің неге алып келетінін ашық айту қажет Психолог бесіктен белі шықпай бала көтеретіндердің оқиғалары жеке талдауды қажет ететінін айтады. Әрине кез келген ата-ана өз қызының қылығы "түзде" болса да, дұрыс тәрбиенің арқасында теріс істердің жолын кесе алады. Гинеколог пікірі Медициналық тұрғыда ненің қалай болатынын, өз ағзасында не болуы мүмкін екенін ғылыми түрде тек қыздарға емес, ұлдарға да айтылуы керек. Өз кезегінде бірінші дәрежелі дәрігер, онколог-гинеколог Самира Садыгованың айтуынша, ата-ана алдындағы қорқыныш, қоғамның сөзіне қалу және бала асырауға қаражат жеткіліксіздігінен жүктілікті жасанды жолмен тоқтатады деп отыр."Түсік жасату туралы шешімді ата-аналардың көпшілігі қолдайды. Өйткені олар екі жаманның азын таңдадық деп санайды. Ерте жүктіліктің зиянды тұстары да жетерлік. Бірақ жасөспірім кезіндегі түсік жасату көптеген жағымсыз жайтқа әкеледі. Атап айтқанда, жүктіліктің ерте факторы айтарлықтай төмендеуі немесе толығымен жоғалуы мүмкін. Болашақта тіпті бедеулікке әкелуі мүмкін. Егер баланы дүниеге әкелемін деп шешім қабылдаса, бірқатар салдарға тап болады. Жас кезіндегі жүктілік денесінде әлі де гормоналды өзгерістер жүріп жатқан әйел денесі үшін қауіпті. Он үш-он жеті жасында қыздың ағзасы ана болуға әлі дайын емес", – дейді дәрігер гинеколог. Дәрігердің сөзінше, бұл жаста оның организмі құрсақ көтеріп, бала тууға бейімделмеген. Жасөспірім аналардан туылған балалар ауруға бейім, әлсіз және аз салмақпен туылады. Сондықтан балаларды сақтандыру туралы және жыныстық қатынасқа ерте түсудің барлық салдары туралы хабардар ету керек, дейді. "Жасөспірімдерде токсикоз жиі кездеседі және ауыр болады. Бұл дене функцияларын функционалды нейроэндокринді реттеудің бұзылуымен байланысты. Сондай-ақ, гестоздар жиі дамиды, олар үшінші триместрде жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістерге байланысты пайда болады. Ісінудің пайда болуына, салмақтың патологиялық өсуіне әкеледі. Ал бұл ауру ана өлімінің себептерінің алғашқы үштігіне кіреді. Сонымен қатар 17 жастағы жүктілік анемияның болуына, түсік түсіру қаупіне және мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін. Патологиясына байланысты жиі кесарь тілігіне жүгінуге тура келеді. Өйткені жасөспірім мұндай жасында жасалған операция болашақта денсаулығына байланысты көптеген проблемаларға, нақтыласақ, репродуктивті органдардың жұмысына қауіп төндіреді", – дей келе, дәрігер кесарь тілігін жасауға еріксіз баратынын айтты. Дәрігер мамандардың айтуынша, жыныстық даму қыздарда 9-10, ұлдарда 10-12 жастан бастап байқалады екен. Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен салмақ түседі екен. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоз туындайды. Балғын қыздардың ағзасы мұндай жүктемеге дайын болмайды. Кім кінәліДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, жыл сайын әлемде балиғатқа толмаған 16 миллион қыз жүкті болады. Дүниежүзінде не шаруамыз бар деуіңіз мүмкін, алайда, бұл біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Әлгі ДДСҰ жариялаған статистиканың көш бастаушылар қатарында Қазақстан да бар. Дәрігерлердің деректері бойынша жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады. Соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында екен. Түсік жасатқандардың ең жасы – 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 проценті, 15-17 жастағы қыздардың 21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие. Айта кетері, Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп. Сондай-ақ, елімізде 21 мың ВИЧ дертін жұқтырған адам болса, соның 40 проценті – 15-29 жас аралығындағы жастар. Осындай түрлі себептерден елімізде 17 мың отбасы бала сүйе алмай отыр. Сондықтан, мамандар мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін балаларға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап жүйелі, сауатты түрде жүргізу керек дейді.Сонымен кім кінәлі? Қолдан ұстап, сөйлесу ғана жеткіліксіз жігіттер ме? Әлде сезіміне ерік берген қыздар ма? Немесе бала тәрбиесінен ағаттық жіберген ата-ана ма? Әрине, ата-ана тәрбиесі қыздың түсінігін, оның көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алайда, егер қыз дұрыс емес моральдық құндылықтарды, қоршаған ортаны таңдаса, онда ата-ана бұл импульстарды жеңе алмайтыны белгілі. Бұл мәселені шешу үшін білім деңгейін арттыруға, жыныстық білім мен тәрбиеге, диагностика мен контрацепцияның заманауи әдістерін дұрыс насихаттауға, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге назар аудару қажет-ақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/152/98/1529867_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_8475a4110718c49456629f480402afc6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
жүктілік
Ерте жүктілік: Қазақстанда тым жас аналардың көбеюінің себебі неде
Елімізде 15-19 жастағы қыздар арасында ерте жүктілік Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріндегі жасөспірім қыздарға қарағанда 6 есе жиі кездеседі. Бұл мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі зерттеп көрді
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Осы уақытқа дейін жыныстық қатынас тақырыбында сөйлесуге болмайтын. Десе де қазіргі уақытта блогерлер, кейбір сайттар да жыныстық қатынас туралы жазуда. Әрине, мұндай бағдарламалар кәмелетке толмағандарға арналмаған. Бірақ балалар әлеуметтік желіде жыныстық қатынас туралы зерттей бастайды. Психологиясы әлі толық жетілмеген жеткіншек үшін тыңдап, көрген дүниесінің барлығы дұрыс сияқты көрінеді.
Осы тақырыпқа сауалнама жүргізу барысында ерте жүктіліктің көп жағдайда бойжеткен сенгіштігінен екені белгілі болды. Яғни, сценарий барлығына белгілі. Қыздар басқа қалаға оқуға келеді. Жаңа қала, жаңа ортада оларға қой дейтін қожа, әй дейтін әже жоқ. Бұған дейін үлкендер тарапынан қойылған шектеуді аттап өткісі келеді. Келе сала танысқан жаңа құрбыларымен таңға дейін түнгі клубтарда уақытын өткізеді. Жігіттер де оларға қырындайды. Бойжеткен болса, кәмелеттік жасқа толғанмын деп алдайды. Сезім еркіне берілген жігіт те, қыз да жағдайдың байыбына бармайды. Көп жағдайдың соңында жігіт түрмеге түсіп, қыз құрсақтағы баламен қалады.
16 жастағы Мөлдір ауылды жерден үлкен қалаға оқуға келді. Колледжге түсті. Екінші курс оқып жүргенде ортақ таныстары арқылы өзінен 4 жас үлкен жігітпен танысады. Жігіттің жақсы қарым-қатынасынан соң Мөлдір ес-түссіз ғашық болды. Бірнеше айдан кейін бойжеткен өзінің жүкті екенін біліп, қуанышты жаңалықты сүйіктісіне айтқан. Сол уақытта барлық романтика мен махаббат аяқталды. Жігіт бірден түсік жасатуға ұсынысын жеткізді, бірақ Мөлдір мұндай ойды ойламаған да.
"Ол бірден дөрекі болып кетті, менен қашқақтай бастады. Қоңырау шалмай, соңында жоғалып кетті. Телефон арқылы: "Бұл – менің балам емес" деп дауыс көтеретін. Мен қатты өкпеледім, қиын болды. Әрине, сол кезде мен барлығына өкіндім. Бірақ, қалай болғанда да, бала кінәлі емес екенін түсіндім. Егер мен түсік жасатсам, болашақта өкінемін деп ойладым. Бәрі менен бас тартты, бірақ мен баланы жалғыз тәрбиелеуге дайынмын деген шешім қабылдадым", – дейді кейіпкер.
Жүктілік туралы білгеннен кейін Мөлдірдің жігіті оған ескертпестен әскерге кетіп қалған. Бұл қыз үшін ауыр соққы болды. Қыз басқа ешкімге өзінің жүктілігі туралы айтпаған. Тіпті жақындарына тіс жармаған.
"Таныстарым мені айыптайды, ата-анам ұрсады, мені қабылдамайды деп ойладым. Мен ішімді тартып жүргендіктен байқалмады. Осылайша мен жүктіліктің барлық кезеңінде колледжге оқуға бардым. Ауылға барғанымда ата-анам барлығын біліп қойды. Әкем жанжал шығарып, мені баламен қабылдамайтынын жеткізді. Қатты уайымдап, жыладым. Шынымды айтсам, мен бұдан әрі не болатынын ойламадым. Есепке тұрмадым, жүктіліктің қай айында екенімді, баланың жынысынан бейхабар болдым. Бұрынғыдай өмір сүріп, оқуымды жалғастырдым. Босанатын уақыт келгенде жалдап тұрған пәтердегі көршім жедел жәрдем шақырды", - деп әңгімеледі Мөлдір.
Перзентханада Мөлдірге "Аналар үйінің" қызметкерлері келді. Босанатын әйелдің жағдайынан хабардар болған перинаталдық орталықтың дәрігерлері көптеген қызға арналған "Ана үйі" қоғамдық қорының мамандарын шақырған.
Мамандарға салсақ, бұл дерттің дауасын жыныстық сауаттылыққа әкеп тірейді. Қыз да, ұл да бұл істе ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін мектепте үйренуі керек дегенді көлденең тартады. Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің себебін анықтау үшін теолог, психолог, гинеколог мамандарының пікіріне жүгіндім. Бірінші кезекте мәселенің моральдық жағын анықтау мақсатында теологпен сөйлестім.
"Қазіргі уақытта ерте жүктілік жастар арасында үлкен мәселеге айналды. Осындай жағдайға тап болған жас қыздар, ата-анасына, үлкендерге айтпай, барлығын ішінде сақтайды. Бұл өз кезегінде бірқатар мәселелерге алып келеді. Іс-әрекетін күнәға балап, өзін күнәһар санайды. Құдай күнәкарларды ғана емес, сонымен бірге сүрініп, қателігін түсініп, өз кінәсін мойындағандарды қабылдайды. Дін қыздарға жігіттермен өзін қалай ұстау керек, болатын және болмайтын дүниелерді үйретеді", – деді теолог Ақнұр Тұрлықожа.
Өтпелі кезең деп аталатын уақытта жеткіншекте психологиялық тұрақсыздық болады. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздар жағдайды қабылдай алмай, соңында өзіне қол жұмсауға шешім қабылдайды. Осы жаста жасөспірімдер психологиялық жағына қоса жүктілік қосылады. Ештеңені түсінбейтін қыз бұл проблемамен кімге және қайда барарын білмейді. Психолог Дана Жеңдікова айналасына бірдеңені дәлелдегісі келетіндер жаман әдеттер мен ерте жыныстық қатынасқа түсетінін жеткізді.
"Жалпы ерте жүктілік біздің менталитетке байланысты жыныстық тәрбиенің қалыптаспауынан болады. Яғни жыныстық қатынастың соңы жүктілікке әкелуін түсіндіру қажет. Ерте жүктілік тек қана психологиялық күйзелістерді ғана емес, ол физиологиялық тұрғыда да ағзаға үлкен зиянын алып келеді. Себебі жасөспірімнің ағзасы жүктілікке дайын болмайды. Ол жүктілік ананың ғана емес, баланың да өміріне қауіпті. Ананың қызбен, ұлдың әкемен жақын, сенімді қарым-қатынас орнатуы, ашық сөйлесуі, түсіндіру және де қандай жағдай болмасын ата-анаға сенім арта білуін қамтамасыз етуі қажет. Егер ата-ана баласымен, қызымен ашық сөйлесуге ұялса, кітап және басқа да материалдарды оқытса болады", – дейді психолог.
Маманның айтуынша, жеткіншектің бұндай әрекеті – оның ішкі жанайқайы. Осы арқылы ол өзін тұлға ретінде көрсеткісі келеді. Бізге анонимді түрде келіп, хабарласатындардың басым бөлігі "Ата-анам мені жақсы көрмейді", "Анам мені неге түсінбейді?" деген сұрақтармен келеді.
"Отбасының жеке мүшелерімен немесе отбасымен қарым-қатынастағы жалпы түсініспеушілік психикалық бұзылуларға әкеледі. Осының салдарынан қыздар ер адамның құшағынан баспана іздей бастайды. Бұл, әрине, көбінесе жыныстық қарым-қатынастағы өмірге әкеледі. Нәтижесінде жүктілік, босанғаннан кейінгі стресс және т.б. Бұл жағдайда біздің психолог ретіндегі жұмысымыз қыздарға шешілмеген проблемалар жоқ екенін көрсету. Өмір жолында кездесетін өз қорқынышытарын қалай жеңу керек екенін түсіндіреміз", – дейді психолог.
Психолог балаға әрқашан "мен сені қандай жағдай болмасын жақсы көрем, сен жаман бол, жақсы бол, сол қалпыңда қабылдаймын" деп жиі айтқан жөн, дейді. Балалармен қатал, агрессивті түрде сөйлеспеген абзал, керісінше, сенімді қарым-қатынас орнату керек. Қарым-қатынас орнатқан соң, ерте жүктіліктің неге алып келетінін ашық айту қажет Психолог бесіктен белі шықпай бала көтеретіндердің оқиғалары жеке талдауды қажет ететінін айтады. Әрине кез келген ата-ана өз қызының қылығы "түзде" болса да, дұрыс тәрбиенің арқасында теріс істердің жолын кесе алады.
Медициналық тұрғыда ненің қалай болатынын, өз ағзасында не болуы мүмкін екенін ғылыми түрде тек қыздарға емес, ұлдарға да айтылуы керек. Өз кезегінде бірінші дәрежелі дәрігер, онколог-гинеколог Самира Садыгованың айтуынша, ата-ана алдындағы қорқыныш, қоғамның сөзіне қалу және бала асырауға қаражат жеткіліксіздігінен жүктілікті жасанды жолмен тоқтатады деп отыр.
"Түсік жасату туралы шешімді ата-аналардың көпшілігі қолдайды. Өйткені олар екі жаманның азын таңдадық деп санайды. Ерте жүктіліктің зиянды тұстары да жетерлік. Бірақ жасөспірім кезіндегі түсік жасату көптеген жағымсыз жайтқа әкеледі. Атап айтқанда, жүктіліктің ерте факторы айтарлықтай төмендеуі немесе толығымен жоғалуы мүмкін. Болашақта тіпті бедеулікке әкелуі мүмкін. Егер баланы дүниеге әкелемін деп шешім қабылдаса, бірқатар салдарға тап болады. Жас кезіндегі жүктілік денесінде әлі де гормоналды өзгерістер жүріп жатқан әйел денесі үшін қауіпті. Он үш-он жеті жасында қыздың ағзасы ана болуға әлі дайын емес", – дейді дәрігер гинеколог.
Дәрігердің сөзінше, бұл жаста оның организмі құрсақ көтеріп, бала тууға бейімделмеген. Жасөспірім аналардан туылған балалар ауруға бейім, әлсіз және аз салмақпен туылады. Сондықтан балаларды сақтандыру туралы және жыныстық қатынасқа ерте түсудің барлық салдары туралы хабардар ету керек, дейді.
"Жасөспірімдерде токсикоз жиі кездеседі және ауыр болады. Бұл дене функцияларын функционалды нейроэндокринді реттеудің бұзылуымен байланысты. Сондай-ақ, гестоздар жиі дамиды, олар үшінші триместрде жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістерге байланысты пайда болады. Ісінудің пайда болуына, салмақтың патологиялық өсуіне әкеледі. Ал бұл ауру ана өлімінің себептерінің алғашқы үштігіне кіреді. Сонымен қатар 17 жастағы жүктілік анемияның болуына, түсік түсіру қаупіне және мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін. Патологиясына байланысты жиі кесарь тілігіне жүгінуге тура келеді. Өйткені жасөспірім мұндай жасында жасалған операция болашақта денсаулығына байланысты көптеген проблемаларға, нақтыласақ, репродуктивті органдардың жұмысына қауіп төндіреді", – дей келе, дәрігер кесарь тілігін жасауға еріксіз баратынын айтты.
Дәрігер мамандардың айтуынша, жыныстық даму қыздарда 9-10, ұлдарда 10-12 жастан бастап байқалады екен. Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен салмақ түседі екен. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоз туындайды. Балғын қыздардың ағзасы мұндай жүктемеге дайын болмайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, жыл сайын әлемде балиғатқа толмаған 16 миллион қыз жүкті болады. Дүниежүзінде не шаруамыз бар деуіңіз мүмкін, алайда, бұл біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Әлгі ДДСҰ жариялаған статистиканың көш бастаушылар қатарында Қазақстан да бар.
Дәрігерлердің деректері бойынша жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады. Соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында екен. Түсік жасатқандардың ең жасы – 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 проценті, 15-17 жастағы қыздардың 21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие.
Айта кетері, Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп.
Сондай-ақ, елімізде 21 мың ВИЧ дертін жұқтырған адам болса, соның 40 проценті – 15-29 жас аралығындағы жастар. Осындай түрлі себептерден елімізде 17 мың отбасы бала сүйе алмай отыр.
Сондықтан, мамандар мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін балаларға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап жүйелі, сауатты түрде жүргізу керек дейді.
Сонымен кім кінәлі? Қолдан ұстап, сөйлесу ғана жеткіліксіз жігіттер ме? Әлде сезіміне ерік берген қыздар ма? Немесе бала тәрбиесінен ағаттық жіберген ата-ана ма? Әрине, ата-ана тәрбиесі қыздың түсінігін, оның көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Алайда, егер қыз дұрыс емес моральдық құндылықтарды, қоршаған ортаны таңдаса, онда ата-ана бұл импульстарды жеңе алмайтыны белгілі. Бұл мәселені шешу үшін білім деңгейін арттыруға, жыныстық білім мен тәрбиеге, диагностика мен контрацепцияның заманауи әдістерін дұрыс насихаттауға, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге назар аудару қажет-ақ.