https://sputnik.kz/20220616/dkhr-basshysy-sogysqa-qatyspagan-ukrain-askerilerine-qatysty-masele-qashan-sheshiletinin-aytty-25918893.html
ДХР басшысы соғысқа қатыспаған украин әскерилеріне қатысты мәселе қашан шешілетінін айтты
ДХР басшысы соғысқа қатыспаған украин әскерилеріне қатысты мәселе қашан шешілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шайқасқа қатыспаған украиналық әскерилерді босату мәселесі арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін шешіледі, әәзіірше ешкім... 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T14:00+0500
2022-06-16T14:00+0500
2023-08-10T12:14+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25568342_0:0:3285:1848_1920x0_80_0_0_0c87d2bfa07b5410a38a3950d93381f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шайқасқа қатыспаған украиналық әскерилерді босату мәселесі арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін шешіледі, әәзіірше ешкім босатылған жоқ, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилин.Бұған дейін ДХР-дағылар тұтқынға алынған және республикаларға қарсы соғыс қимылдарына қатыспаған украиналық әскерилер тексеруден кейін үйлеріне қайтарылатыны туралы бірнеше рет мәлімдеген.Пушилин "босатылатын мұндай әскерилер көп пе" деген сұраққа "Жоқ, ондай жоқ" жауап берді.Ол бұл мәселеге "арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін" қайта оралуға болатынын атап өтті."Бұл дәлелді базасы жоқ адамдарға ғана қатысты болуы мүмкін. Олар қанша және кім екенін операция аяқталғаннан кейін уақыт көрсетеді", - деді ДХР басшысы.Пушилин сондай-ақ Украина әскерилеріне қатысты трибунал барынша ашық және әділ өтетінін айтты. Ол әлемдік БАҚ та сот процесін жариялайды деген үмітімен бөлісті.Еске салсақ, 9 маусымда Донецк Халық Республикасы соты Украина Қарулы Күштері қатарында соғысып, тұтқынға алынған үш шетелдік жалдамалы жауынгерді өлім жазасына кесті. Олар – 48 жастағы британдық Шон Пиннер, оның 28 жастағы отандасы Айден Аслин және 21 жастағы марокколық Саадун Брагим. Үкім әлі орындалған жоқ. Олар жалдамалы әскери қызмет, яғни табыс табу үшін соғысқа қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. Украина тарапы мен тұтқындардың туыстары олар украин армиясының құрамында келісім-шарт бойынша соғысқанын, яғни олар комбатант болатынын, сондықтан әскери тұтқындармен қарым-қатынас туралы Женева конвенциясының қарауына жататынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25568342_502:0:3233:2048_1920x0_80_0_0_3a7344e5f592c8960f73d36ceac2a311.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
ДХР басшысы соғысқа қатыспаған украин әскерилеріне қатысты мәселе қашан шешілетінін айтты
14:00 16.06.2022 (жаңартылды: 12:14 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шайқасқа қатыспаған украиналық әскерилерді босату мәселесі арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін шешіледі, әәзіірше ешкім босатылған жоқ, деп хабарлады
РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилин.
Бұған дейін ДХР-дағылар тұтқынға алынған және республикаларға қарсы соғыс қимылдарына қатыспаған украиналық әскерилер тексеруден кейін үйлеріне қайтарылатыны туралы бірнеше рет мәлімдеген.
Пушилин "босатылатын мұндай әскерилер көп пе" деген сұраққа "Жоқ, ондай жоқ" жауап берді.
Ол бұл мәселеге "арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін" қайта оралуға болатынын атап өтті.
"Бұл дәлелді базасы жоқ адамдарға ғана қатысты болуы мүмкін. Олар қанша және кім екенін операция аяқталғаннан кейін уақыт көрсетеді", - деді ДХР басшысы.
Пушилин сондай-ақ Украина әскерилеріне қатысты трибунал барынша ашық және әділ өтетінін айтты. Ол әлемдік БАҚ та сот процесін жариялайды деген үмітімен бөлісті.
Еске салсақ, 9 маусымда Донецк Халық Республикасы соты Украина Қарулы Күштері қатарында соғысып, тұтқынға алынған үш шетелдік жалдамалы жауынгерді өлім жазасына кесті. Олар – 48 жастағы британдық Шон Пиннер, оның 28 жастағы отандасы Айден Аслин және 21 жастағы марокколық Саадун Брагим. Үкім әлі орындалған жоқ. Олар жалдамалы әскери қызмет, яғни табыс табу үшін соғысқа қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. Украина тарапы мен тұтқындардың туыстары олар украин армиясының құрамында келісім-шарт бойынша соғысқанын, яғни олар комбатант болатынын, сондықтан әскери тұтқындармен қарым-қатынас туралы Женева конвенциясының қарауына жататынын мәлімдеді.