Димаштың әндері Бразилия радиостанциясының эфирінде қойылып жүр

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
Ал 24 мамыр күні радио Димаш Құдайберген туралы арнайы бағдарлама өткізді
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. 2022 жылдың мамыр айынан бастап Димаш Құдайбергеннің "Я скучаю по тебе ", "О’кей" және "S.O.S" әндері күн сайын бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр.
Ал 24 мамыр күні радио Димаш Құдайберген туралы арнайы бағдарлама өткізді. Бағдарлама әншінің "S.O.S" әнімен басталды.
"Радиожүргізушілер Димашты жоғары вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырды. Одан бөлек әртістің түрлі музыкалық жанрларда және әлемнің көптеген тілдерінде ән шырқайтынын атап өтті. Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубының Dears жобасы Димаштың әндерін Бразилияның ірі радиостанциясында таратуды мақсат етті. Осылайша олар қазақстандық орындаушының шығармашылығын өз елінде барынша насихаттағысы келді", – деп хабарлады Dimashnews.com сайты.
Сондай-ақ осы жоба аясында Бразилияның танымал "Extra" газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материалдар жарық көрді. Ең соңғы басылым 2022 жылдың наурыз айында жарық көрді және пандемиядан кейін әртістің сахнаға оралғаны және Дубай, Дюссельдорф және Прагадағы жаңа концерттерін жариялауға арналды.
Айта кетейік, Бразилияда танымал Correio 98 FM радиосы алғаш рет 1983 жылы эфирге шықты. Радиостанцияның штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан. Дәл осы жерде әлемдегі ең үлкен Сент-Джон фестивалі өтеді. ол жыл сайын бүкіл әлемнен миллионға дейін қонақтарды тартады.
Жаңалықтар
0