https://sputnik.kz/20220616/atyrau-perinataldyq-ortalyq-basshysy-25561222.html
Атырауда нәресте еденге құлап, жарақат алды: перинаталдық орталық басшысы қызметінен кетті
Атырауда нәресте еденге құлап, жарақат алды: перинаталдық орталық басшысы қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер мен кезекші медицина қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қабылданды 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T10:10+0500
2022-06-16T10:10+0500
2022-06-16T10:10+0500
өңірлер
атырау облысы
перзентхана
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарған Қазбек Ермағамбетов өз еркімен қызметінен кетті. Жұмыстан кетуіне осы медициналық мекеме қабырғасында жаңа туған нәрестенің еденге құлап, жарақат алған оқиға себеп болды, деп хабарлады "Ақ Жайық" басылымы. Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған жұмыс комиссиясының тергеу нәтижелері бойынша дәрігерлер мен кезекші медицина қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қабылданды. Еске салсақ, сәби 8 маусым күні дүниеге келді. Келесі күн жаңа туған нәрестенің анасы рентгеннен өтуге жіберілді. Палатада сәбилерге қарау үшін жаңа босанған әйел қалды. Бала қатты жылай бастағанда, әйел оны қолына алып, тыныштандыруға тырысты, бірақ өзін нашар сезіне бастады. Ол медбикелер мен дәрігерлерді көмекке шақырғанымен, ешкім келмеді. Әйел баланы қолында ұстай алмай, оны еденге құлатып алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жансақтау бөліміне жіберілгенін, тексерістен өткізіліп, УДЗ мен КТ жасалғанын хабарлады. "Бала мен ана әлі күнге дейін орталықта, бірақ енді реанимацияда емес, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жатыр. Сәбидің гипоксиялық ишемиялық зақымдануы, құлаумен емес, жүктілік және босану үдерісімен байланысты", – деп атап өтті Жанар Садуова.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, перзентхана
атырау облысы, перзентхана
Атырауда нәресте еденге құлап, жарақат алды: перинаталдық орталық басшысы қызметінен кетті
Дәрігерлер мен кезекші медицина қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қабылданды
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарған Қазбек Ермағамбетов өз еркімен қызметінен кетті.
Жұмыстан кетуіне осы медициналық мекеме қабырғасында жаңа туған нәрестенің еденге құлап, жарақат алған оқиға себеп болды, деп хабарлады
"Ақ Жайық" басылымы.
"Ол басшылық қызметтен кетуге өтініш жазды, бірақ перзентханада жұмыс істеуін жалғастырады", – деді облыстық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Жанар Садуова.
Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған жұмыс комиссиясының тергеу нәтижелері бойынша дәрігерлер мен кезекші медицина қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара қабылданды.
Еске салсақ, сәби 8 маусым күні дүниеге келді. Келесі күн жаңа туған нәрестенің анасы рентгеннен өтуге жіберілді. Палатада сәбилерге қарау үшін жаңа босанған әйел қалды.
Бала қатты жылай бастағанда, әйел оны қолына алып, тыныштандыруға тырысты, бірақ өзін нашар сезіне бастады.
Ол медбикелер мен дәрігерлерді көмекке шақырғанымен, ешкім келмеді. Әйел баланы қолында ұстай алмай, оны еденге құлатып алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жансақтау бөліміне жіберілгенін, тексерістен өткізіліп, УДЗ мен КТ жасалғанын хабарлады.
"Бала мен ана әлі күнге дейін орталықта, бірақ енді реанимацияда емес, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жатыр. Сәбидің гипоксиялық ишемиялық зақымдануы, құлаумен емес, жүктілік және босану үдерісімен байланысты", – деп атап өтті Жанар Садуова.