"АрселорМиттал Теміртау" зауытында тағы бір жұмысшы мерт болды

© SputnikАрселорМиттал Темиртау
АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
Жұмысшы 20 метрлік биіктіктен құлап, сол жерде көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. "АрселорМиттал Темиртау" зауытында қайғылы жағдай болды. Бүгін ЖЭС-2-де монтаждық жұмыстар істеген 36 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды EKaraganda порталы.
Жұмысшы 20 метрлік биіктіктен құлап, сол жерде көз жұмды. Ол "AB Construction" ЖШС-тің атынан жұмыс істеген. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
ЖЭС-2 "АрселорМиттал Темиртау" компаниясына қарасыты ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Сол жерде өндірілетін электр энергиясы корпорацияның жұмысына жұмсалады. Теміртауда үш жылу электр станциясы бар.
Айта кетері, 10 маусымда "АрселорМиттал Темиртау" металлургиялық комбинатында төрт адам қайтыс болды. Олар жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде қазаға ұшырады.
Жаңалықтар
0