Ақтөбеде бесінші қабаттан секірген ер адамның видеосы тарады

Жазылу
46 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол жатақханадағы бөлменің біреуі жөндеп жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында 46 жастағы ер адам жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 14 маусымда кешкі сағат 22:30-дың кезінде қаладағы жатақхананың бесінші қабатынан секірейін деп тұрған ер адам туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына бірден полицейлер мен құтқарушылар барды.
"Құтқарушылар автосатыны шығарып қойған. Сол кезде ер адам ішкі қарай кіріп кетті. Бірақ кенеттен терезеге қайтадан шығып, секіріп кетті. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр", - дейді депаратменттің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
46 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол жатақханадағы бөлменің біреуі жөндеп жүрген.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бесінші қабаттан құлаған ер адам көп жарақат алды. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасады.
"Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. Клиникалық хаттама бойынша ем-дом алуда, жағдайы ауыр", - деп атап көрсетті дәрігерлер.
Жаңалықтар
0