https://sputnik.kz/20220616/aqtau-asker-kosheden-kushtep-aketken-25558622.html
Ақтауда жігіттерді әскерге көшеден күштеп әкеткен
Ақтауда жігіттерді әскерге көшеден күштеп әкеткен
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасов осыған қатысты түсініктеме берді 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T07:58+0500
2022-06-16T07:58+0500
2022-06-16T07:58+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
әскери борыш
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:599:1511:1449_1920x0_80_0_0_296a512bf249ee07f717c81d8c7cbc6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Әскерге шақырылғандардың анасы редакцияға баласын әскери комиссариатқа күштеп, заңсыз алып кеткенін және жібермей жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Жәнияның айтуынша, нан алу үшін дүкенге кеткен ұлы әскерден бір шыққан. Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасовтың айтуынша, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатуға негізі жоқтар ғана алынады."Биыл 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін Ақтау қаласында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Ұлттық ұланының әскери қызметшілері және Ақтау қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды іздестіру және жеткізу, шақыру науқаны кезінде мүмкін болмағандарға шақыру қағаздарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында әскери есепке алуды және әскери міндетті белгілеу мақсатында әскер жасындағы жігіттерге сауалнама жүргізілуде. Жеке куәлік пен жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркелген мәліметтер тексеріледі. Әскери қызмет өткеруді кейiнге қалдыру немесе босату туралы мәлiметтер белгiленбеген жағдайда, азамат жергiлiктi әскери басқару органдарының шақыру учаскесiне жеткiзiледi. Жергілікті әскери басқарма аумағында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады", — деді Талғат Сарбасов.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:458:1511:1591_1920x0_80_0_0_1dd771b3987235f2560284a919477a97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, әскери борыш
маңғыстау облысы, әскери борыш
Ақтауда жігіттерді әскерге көшеден күштеп әкеткен
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасов осыған қатысты түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Әскерге шақырылғандардың анасы редакцияға баласын әскери комиссариатқа күштеп, заңсыз алып кеткенін және жібермей жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды
mangystaumedia.kz. Жәнияның айтуынша, нан алу үшін дүкенге кеткен ұлы әскерден бір шыққан.
"Түскі сағат 12.00 шамасында ұлым қоңырау шалды. Ол өзін әскери комиссариатқа алып кеткенін айтып үлгерді. Оның тек жасын сұрап, 18-ге толғанын естіп, бірден автобусқа апарған. Осылай көшеден күштеп, алып кететіндей елде соғыс жағдайы жоқ қой?! Тіпті, балама қылмыскердей қарайды", - дейді ол.
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасовтың айтуынша, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатуға негізі жоқтар ғана алынады.
"Биыл 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін Ақтау қаласында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Ұлттық ұланының әскери қызметшілері және Ақтау қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды іздестіру және жеткізу, шақыру науқаны кезінде мүмкін болмағандарға шақыру қағаздарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында әскери есепке алуды және әскери міндетті белгілеу мақсатында әскер жасындағы жігіттерге сауалнама жүргізілуде. Жеке куәлік пен жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркелген мәліметтер тексеріледі. Әскери қызмет өткеруді кейiнге қалдыру немесе босату туралы мәлiметтер белгiленбеген жағдайда, азамат жергiлiктi әскери басқару органдарының шақыру учаскесiне жеткiзiледi. Жергілікті әскери басқарма аумағында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады", — деді Талғат Сарбасов.