https://sputnik.kz/20220615/zhambyl-oblysy-zhol-apat-25538317.html
Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Sputnik Қазақстан
Toyota Camry-дің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Бұдан бөлек, 9 адам сан алуан жарақаттармен ауруханаға жеткізілді 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T11:50+0500
2022-06-15T11:50+0500
2023-08-10T11:58+0500
жамбыл облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535320_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_400baa757adcd15e1180bb2d8cec94dd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында DAF жүк көлігі он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі автобус та бар. Бірнеше авто отқа оранды. Ал Toyota-ның жолаушысы сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция депаратментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында түнгі сағат 3:15-тің кезінде болған. Алдымен "Scania" маркалы жүк көлігінің тіркеуіші өздігімен өрттенді. Тілсіз жау біраз жерге шарпыды. Содан жолды жабуға тура келді. Басқа көліктер 500-600 метр жетпей, тоқтай бастады. Кептеліс пайда болды. Тура 25 минуттан кейін DAF маркалы жүк көлігі жиналып тұрған он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі Toyota Camry, Audi 100, екі "Van Hool" автобусы, Chevrolet Cobalt, Daimler Chrysler, BMW Х5, Toyota Alphard және Audi 80 бар. Жол апаты кезінде төрт көлік - DAF, екі автобус пен Audi отқа оранды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Жол жүру ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ал Sputnik Өзбекстан порталы бір автобуста 31 Өзбекстан азаматы болғанын хабарлады. Үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жамбыл облыстық полициясы жол апатының себебін де атады. Тас жолдың 554-ші шақырымында "Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған" деген белгі бар. Оларға Күйік асуымен түсуге болмайды. Бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері белгі мен полицияның ескертуіне қарамай, осы жолға түсе береді. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатады.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535320_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_556ea5c076a64b7e2c3d14ca3375baa0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жол апаты
Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
11:50 15.06.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Toyota Camry-дің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Бұдан бөлек, 9 адам сан алуан жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында DAF жүк көлігі он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі автобус та бар. Бірнеше авто отқа оранды. Ал Toyota-ның жолаушысы сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында түнгі сағат 3:15-тің кезінде болған. Алдымен "Scania" маркалы жүк көлігінің тіркеуіші өздігімен өрттенді. Тілсіз жау біраз жерге шарпыды. Содан жолды жабуға тура келді.
Басқа көліктер 500-600 метр жетпей, тоқтай бастады. Кептеліс пайда болды. Тура 25 минуттан кейін DAF маркалы жүк көлігі жиналып тұрған он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі Toyota Camry, Audi 100, екі "Van Hool" автобусы, Chevrolet Cobalt, Daimler Chrysler, BMW Х5, Toyota Alphard және Audi 80 бар.
Жол апаты кезінде төрт көлік - DAF, екі автобус пен Audi отқа оранды.
"Toyota Camry-дің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Бұдан бөлек, 9 адам сан алуан жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш адам жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Жол жүру ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ал Sputnik Өзбекстан порталы бір автобуста 31 Өзбекстан азаматы болғанын хабарлады. Үшеуі ауруханаға жатқызылды.
Жамбыл облыстық полициясы жол апатының себебін де атады. Тас жолдың 554-ші шақырымында "Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған" деген белгі бар. Оларға Күйік асуымен түсуге болмайды.
Бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері белгі мен полицияның ескертуіне қарамай, осы жолға түсе береді. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатады.