https://sputnik.kz/20220615/ush-bala-anasy-atyp-tastady-sot-ukimi-25533630.html
Қаражон тұрғыны қызғаныштан үш баланың анасын атып тастады
Қаражон тұрғыны қызғаныштан үш баланың анасын атып тастады
Sputnik Қазақстан
Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T09:09+0500
2022-06-15T09:09+0500
2022-06-15T09:10+0500
өңірлер
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_0:213:3689:2288_1920x0_80_0_0_c433023ecd1427b783b386c5daec9af6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті Оtyrar.kz порталы.Сот материалдарына сәйкес, Сауран ауданының Қаражон ауылының тұрғындары - 41 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Бірақ некені ресми түрде тіркеген жоқ. Келіншек бұрынғы күйеуінен үш бала туған. Үшеуін де өзімен бірге алып кетті. Бір күні жаңадан қосылған серігі оны бұрынғы күйеуінен қызғанып, жанжал шығарған. Ашуға булыққан ер адам 16-калибрлік мылтығын алып шығып, әйелдің басынан атқан. Үш баланың анасы сол жерде көз жұмды. Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты. Ал мылтықпен тек қорқытамын деп ойлаған. Дегенмен, кәмелет жасқа толмаған үш бала анасыз қалды. Біреуі екі жаста болса, тағы екеуі 15 және 16-ға толды. Соттың үкімімен Қаражон ауылының тұрғыны 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_178:0:3511:2500_1920x0_80_0_0_1831e14aa54304e2c386b90e45059c71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Қаражон тұрғыны қызғаныштан үш баланың анасын атып тастады
09:09 15.06.2022 (жаңартылды: 09:10 15.06.2022) Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті
Оtyrar.kz порталы.
Сот материалдарына сәйкес, Сауран ауданының Қаражон ауылының тұрғындары - 41 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Бірақ некені ресми түрде тіркеген жоқ. Келіншек бұрынғы күйеуінен үш бала туған.
Үшеуін де өзімен бірге алып кетті. Бір күні жаңадан қосылған серігі оны бұрынғы күйеуінен қызғанып, жанжал шығарған. Ашуға булыққан ер адам 16-калибрлік мылтығын алып шығып, әйелдің басынан атқан. Үш баланың анасы сол жерде көз жұмды.
Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты. Ал мылтықпен тек қорқытамын деп ойлаған. Дегенмен, кәмелет жасқа толмаған үш бала анасыз қалды. Біреуі екі жаста болса, тағы екеуі 15 және 16-ға толды.
Соттың үкімімен Қаражон ауылының тұрғыны 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.