https://sputnik.kz/20220615/toqaev-uqshu-25545779.html
Тоқаев ҰҚШҰ-дан шығуға қатысты пікір білдірді
Тоқаев ҰҚШҰ-дан шығуға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан интеграциялық бірлестіктердегі қызметін жалғастыра береді, деді президент 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T14:07+0500
2022-06-15T14:07+0500
2022-06-15T14:45+0500
қасым-жомарт тоқаев
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/797/88/7978881_0:146:2800:1721_1920x0_80_0_0_e5e813c85a8068fbd28cf738717baec1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығуға қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Меніңше, интеграциялық бірлестіктер біртіндеп дамып келді. Бәрі дұрыс. Қазақстан сол интеграциялық бірлестіктердегі қызметін жалғастыра береді. Ал "Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығады" деген әңгімелер шындыққа мүлдем жанаспайды", - деді Тоқаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.Президент интеграция оңай жұмыс емес екенін ерекше атап өтті. Себебі әрбір мемлекет өз мүддесін қорғайды. "Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақ – бұл өте маңызды ұйым. Бішкектегі жиында интеграция өте ауыр жұмыс екенін айттым. Оған өзара компромисс керек. Себебі әрбір мемлекет өз ұстанымын қорғайды, бұл – қалыпты жағдай. Ал бір мемлекет үнемі жол беріп, одан экономикасы зардап шексе, әлбетте, ол елдің азаматтары интеграцияның пайдасына күдіктене бастайды. Ашығын айту керек, біздің елімізде ондай сұрақтар туындайды. Осыған байланысты біздің ЕАЭО-дағы өкілдеріміз мүддемізді қорғап, әріптестеріне барынша түсіндіруге тырысып отырады", - деп атап көрсетті Тоқаев. Президенттің айтуынша, әрбір мемлекет өз мүддесін қорғағанда пікірталастар да болып жатады. Бірақ халықаралық ұйым үшін бұл қалыпты жағдай және тиімді шешімдер табуға көмектеседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/797/88/7978881_156:0:2645:1867_1920x0_80_0_0_ecf7b055f5aab3f8ae4b9e7cc2a69fc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ
қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ
Тоқаев ҰҚШҰ-дан шығуға қатысты пікір білдірді
14:07 15.06.2022 (жаңартылды: 14:45 15.06.2022) Қазақстан интеграциялық бірлестіктердегі қызметін жалғастыра береді, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығуға қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Меніңше, интеграциялық бірлестіктер біртіндеп дамып келді. Бәрі дұрыс. Қазақстан сол интеграциялық бірлестіктердегі қызметін жалғастыра береді. Ал "Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығады" деген әңгімелер шындыққа мүлдем жанаспайды", - деді Тоқаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.
Президент интеграция оңай жұмыс емес екенін ерекше атап өтті. Себебі әрбір мемлекет өз мүддесін қорғайды.
"Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақ – бұл өте маңызды ұйым. Бішкектегі жиында интеграция өте ауыр жұмыс екенін айттым. Оған өзара компромисс керек. Себебі әрбір мемлекет өз ұстанымын қорғайды, бұл – қалыпты жағдай. Ал бір мемлекет үнемі жол беріп, одан экономикасы зардап шексе, әлбетте, ол елдің азаматтары интеграцияның пайдасына күдіктене бастайды. Ашығын айту керек, біздің елімізде ондай сұрақтар туындайды. Осыған байланысты біздің ЕАЭО-дағы өкілдеріміз мүддемізді қорғап, әріптестеріне барынша түсіндіруге тырысып отырады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Президенттің айтуынша, әрбір мемлекет өз мүддесін қорғағанда пікірталастар да болып жатады. Бірақ халықаралық ұйым үшін бұл қалыпты жағдай және тиімді шешімдер табуға көмектеседі.