Сирияға көмектің трансшекаралық жолын тоқтататын кез келді - Лаврентьев

© Sputnik / Владислав ВодневАлександр Лаврентьев
Александр Лаврентьев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Ресей Сирияға көмек көрсетудің трансшекаралық тетігін тоқтатып, Дамаск арқылы гуманитарлық көмек жеткізуді ұсынды, деп мәлімдеді Ресей федерациясы президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан келіссөз барысында.
"Әзірге біз батыс тарапынан санкциялар режимін әлсірету бойынша ілгерілеуді байқамадық. Шын мәнінде, бұл тетік (трансшекаралық көмек) уақытша шара ретінде қолға алынған еді. Халықаралық қоғамдастық беретін барлық көмектің заңды түрде Дамаск арқылы өтуіне уақыт келді", - деді Лаврентьев.
"Бір жыл бұрын уәде етілген ерте қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша барлық міндеттеме батыс тарапынан орындалған жоқ, Сондықтан осы жағдайға байланысты біз трансшекаралық тетікті тоқтату туралы мәселені қарастыратын шығармыз", - деп қосты ол.
Бұл ретте Ресей президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі жаңа тетіктерді әзірлеу де мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстанда 15-16 маусымда САР үкіметі мен оппозициясы, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдерінің (Ресей, Түркия, Иран) жоғары деңгейдегі келіссөздері өтуде.
Көршілес мемлекеттерден Сирияға гуманитарлық және медициналық жүктерді (ең алдымен Түркиямен шекара арқылы) шекара өткелдері арқылы жеңілдетілген түрде жеткізу режимі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұндай механизм жыл сайын ұзартылып отырды. Осы механизм аясында БҰҰ гуманитарлық мекемелері мен олардың серіктестері бастапқыда қарама-қайшылық желілері мен төрт шекаралық өткізу пункттері арқылы маршруттарды пайдалануға құқылы болды. Яғни "Баб-эс-Салям" және "Баб-эль-Хава "(Сирия мен Түркия шекарасында), "Аль-Ярубия" - Ирак шекарасында және "Аль-Рамта" - Иорданиямен шекарада. Сирия армиясы үлкен аумақты бақылауға ала бастағанда, Дамаск пен Мәскеу шекара өткелдерінің жұмысын біртіндеп қысқартуды жақтай бастады.
2021 жылы шілдеде сол кездегі Сирия шекарасында қалған жалғыз шекаралық өткелдің ("Баб-эль-Хава") жұмыс мерзімі аяқталды. Соған қарамастан, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ресей Федерациясы, АҚШ, Ирландия және Норвегияның осы бақылау-өткізу пунктінің жұмысын ұзарту туралы қарарын қабылдады. Енді оның мерзімі 10 шілдеде аяқталады. Өткелдің одан әрі жұмыс істеу шартының бірі ретінде гуманитарлық көмекті түйісу желілері арқылы жеткізуді ұлғайту болып табылады.
Жаңалықтар
0